Жыл соңына дейін 28 мың жаңа жұмыс орны ашылады

21 Шілде 2022, 15:25
1329
Бөлісу:
Жыл соңына дейін 28 мың жаңа жұмыс орны ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «2022 жылдың 1 жартыжылдығында елорда тұрғындарын жұмыспен қамту саласында мемлекеттік қолдау шараларын қамтамасыз ету» тақырыбындағы онлайн брифингте айтылды.  

Жылдың соңына дейін 28 мың жаңа жұмыс орны құрылады. Оның ішінде 17 мың тұрақты жұмыс және 11 мың уақытша жұмыс болады. Ұлттық жобаларды іске асыру бойынша 14180 жұмыс орны және үлкен бастамалар бойынша 14098 жұмыс орны құрылады. 1 шілдедегі жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласында 12 390 жұмыс орны құрылды, ол жылдық жоспардың 44 пайызын құрап тұр, - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Азамат Байтасов. 

Сондай-ақ Байтасов қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жылдың соңына дейін қанша адам жіберілетінін және грант мөлшеріне тоқталды.     

Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жылдың аяғына дейін тағы 700 азамат жолданады. Сонымен қатар, биыл мемлекеттік грант 200 АЕК-тен 400 АЕК-ке көбейтілді. Қазіргі таңда грант мөлшері 1 млн 225 мың теңгені құрайды, - деді Байтасов.

Жылдың аяғына дейін 350 грант беру жоспарланып отыр. Бірақ биыл грант тек әлеуметтік осал топтарға ғана беріледі.           

Айта кетерлігі, Enbek.kz порталында қазіргі кезде 1000-нан астам жұмыс берушіден 7000-нан астам бос жұмыс орындары тіркелген.  

Өзгелердің жаңалығы