Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы браконьерлікпен күрес шаралары туралы брифингте ЭГТРМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Данияр Тұрғанбаев мәлім етті.
Ол орман шаруашылығы жануарлар дүниесі комитетінің негізгі міндеті – жануарлар дүниесін сақтау және көбейту екенін айтты.
Бүгінгі таңда еліміздің фаунасы 835 түрден тұрады. Оның ішінде сүтқоректіледің 178 түрі, 489 құс және қосмекенділердің 12 түрі бар. Онымен қоса су жануарларының 104 түрі мекендейді. Оларды күзету табиғатты қорғау ұйымдарының инспекторлары жүзеге асырады, -дейді ол.
Тұрғанбаевтың айтуынша, табиғат пен жануарларды қорғау істері қарқынды жүргізілуде. Атап айтқанда, үгіт-насихат жұмыстары негізінде жергілікті және республикалық маңызы бар ақпарат құралдардан «табиғатты қорғау» тақырыбында 286 мақала жарияланған.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелері 2021 жылдың 9 айының кезеңінде табиғатты пайдалану саласында 1746 рейдттік іс-шара және 441 тексеру жүргізді. Оның ішінде 820 табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылық анықталды. Аталған бұзушылықтар бойынша 768 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 8 млн теңгеден астам сомада әкімшілік айыппұлдар салынды. Оның ішінде 6 млн теңгеден астам сома өндірілді, - деді ЭГТРМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары.
Оқи отырыңыз: