Жыл басынан елімізге 4 миллионнан аса шетелдік келді

26 Қыркүйек 2022, 11:39
999
Бөлісу:
Жыл басынан елімізге 4 миллионнан аса шетелдік келді

Бұл туралы Көші-қон бақылауы мәселелері жөніндегі брифингте ҚР ІІМ Көші-қон комимтеті төрағасының міндетін атқарушы Аслан Аталықов айтты деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Жыл басынан бері елімізге 4 399 000 шетелдік келді. Ресейден 1 700 000, Өзбекстаннан 1,5 миллионнан көп, Қырғызстаннан 547 мың, Тәжікістаннан 200 мыңнан астам. Ресей билігінің таяудағы шешімдерінен кейін өткен аптадан бастап Ресей Федерациясынан эмигранттар ағыны Қазақстанға да ұлғайды. Оның бәрін азаматтар жаңалықтар мен әлеуметтік желіден көріп жүр, - деді ол.

Аталықовтың айтуынша, 2022 жылы Қазақстанға 9-12 мыңға жуық ресейліктер кірген болса, 22 қыркүйектен бастап олардың саны күніне 2-3 есе көп келеді. 

Ішкі істер министрлігінің өкілі эмигранттар Қазақстанда қанша уақытқа дейін бола алатынына да тоқталды.

Шетелдік азаматтардың барлық санаттары уақытша тіркеусіз Қазақстанда 30 тәулікке дейін бола алады. Онымен қоса, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің азаматтары 2012 жылғы нөмірі 148-ші Үкімет қаулысына сәйкес, Қазақстанда уақытша тіркеусіз мемлекеттік шекараны қиып өткен күннен бастап 90 тәулікке дейін бола алады, - деді ол.

Осы орайда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер қатарына Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Беларусь, Армения жататынын еске саламыз.

Өзгелердің жаңалығы