Жыл басынан бері Түркістан облысында 14 орман өрті тіркелген

22 Мамыр 2020, 21:38
1617
Бөлісу:
Жыл басынан бері Түркістан облысында 14 орман өрті тіркелген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы аумағында жыл басынан бері жерргілікті Орман алқаптарында 14 өрт оқиғасы тіркелді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығының орынбасары Асанғали Төлепбергенов мәлімдеді. 

Оның айтуынша, орман шаруашылығына келтірілген материалдық шығынның жалпы соммасы - 802,2 мың теңге шамасында. Өрт көлемі - 2347,8 га орманды алқабы - 287 га, ормансыз алқабы - 2060,8 га.

Қазіргі таңда Түркістан облысының аумағында орман, дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, тиісті мекемелерге жұмыс жүргізу үшін тапсырмалар берілді. Облыстық әкімдікпен "Мемлекеттік өртке қарсы қызметі жоқ елді мекендерде 2018-2020 жылдарда өрт сөндіру бекеттерін құру" туралы жоспары бекітілген. Аталған жоспарға сәйкес, ағымдағы 2020 жылы 11 бекет құру жоспарланған. Бүгінгі таңда барлық қала, аудан әкімдіктері тиісті жұмыстар атқаруда. Қазіргі таңда жасалынып жатқан жұмыстар нәтижиесінде облыс аумағында 13 бекет жұмыс істеуде, - деді Асанғали Мадиханұлы. 

2020 жылы қала, аудан Төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдерінің  1 тоқсандық есебіне 815 ерікті өрт сөндіру құрылымдары құрылып, мүшелерінің саны 9439, өрт сөндіру техникасының саны 3, бейімделген қосалқы техникалардың саны 996, өрт сөндіру мотопомпалар саны 251 және тағы басқа қолда бар өрт сөндіру құралдарының саны 7088 құрады.

Өзгелердің жаңалығы