Жыл басынан бері полиция қызметкерлері 9 адамды судан құтқарған

6 Маусым 2023, 12:34
743
Бөлісу:
Жыл басынан бері полиция қызметкерлері 9 адамды судан құтқарған
Фото: primeminister.kz

Жыл басынан бері патрульдік полиция қызметкерлері судан 9 азаматты құтқарған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Үкімет отырысында мәлімдеді.

Айтуынша, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздіқті қамтамасыз ету – ішкі істер органдарының басым міндеті.

Оны орындау үшін еліміз бойынша 15 мыңнан астам полицейлер және Ұлттық ұланның әскерлері қатысады. Олар 4 мыңнан астам маршрут бойынша қызмет етеді. Жазғы кезеңде адамдардың жаппай демалатын орындарында нарядтардың саны көбейтіледі. Қоғамдық, демалыс және шомылу орындарында балалардың жүріс-тұрыс туралы ережелері білім ұйымдарына жолданды. Шомылу кезеңінде патрульдеу маршруттары қайта қаралды, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар министр биыл құтқару қызметі, әкімдіктер және волонтерлер 10 мыңнан астам рейдтер мен патрульдер жүргізгеніне тоқталды.

Тыйым салынған орындарда шомылғаны үшін 240 адам жауапкершілікке тартылды. Қоғамдық орындарда спирттік ішімдік ішкені үшін 192 адамға жауапкершілік жүктелді. Судың жанында жұмылдырылған автопатрульдер суға батқандарға көмек көрсету үшін қажетті құралдармен жабдықталған. Жыл басынан бері патрульдік полиция қызметкерлері судан 9 азаматты құтқарды. Күні кеше Қызылорда облысында полицейлер каналда батып бара жатқан студентті алып шықты, - деді Марат Ахметжанов.

Өзгелердің жаңалығы