Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 261,7 млрд теңге жәрдемақы алды

15 Желтоқсан 2021, 11:08
1269
Бөлісу:
Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 261,7 млрд теңге жәрдемақы алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы қаңтардан бастап қарашаны қоса алғандағы аралықта көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен жалпы сомасы 261,7 млрд теңгеге орта есеппен 446,4 мың отбасы қамтылды, соның ішінде қарашада жәрдемақының бұл түрін 471,4 мың отбасы жалпы сомасы 26,6 млрд теңгеге алды.

Аталған мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері балалардың санына байланысты сараланып төленеді және 2021 жылы 46 760 теңге (4 бала), 58 457 теңге (5 бала), 70 154 (6 бала) теңге, 81 852 теңге (7 бала), 8 балаға – 93 344 теңге, 9 балаға – 105 012 теңге, 10 балаға – 116 680 теңге, 11 балаға – 128 348 теңге, 12 балаға – 140 016 теңге, 13 балаға – 151 684 теңге, 14 балаға – 163 352 теңге, 15 балаға – 175 020 теңге, 16 балаға – 186 688 теңге немесе әр балаға 11 668 теңге, - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, көпбалалы отбасыларға олардың кірістерін есепке алмай берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты шеңберінде енгізілген болатын.

Өзгелердің жаңалығы