Жыл басынан бері Конституциялық Сотқа 2 500-ге жуық өтініш түскен

16 Сәуір 2023, 12:07
692
Бөлісу:
Жыл басынан бері Конституциялық Сотқа 2 500-ге жуық өтініш түскен
Фото: ortcom.kz

Конституциялық Сотқа биылғы 4 қаңтардан бастап 2 500-ге жуық өтініш түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Конституциялық Соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, биылғы 4 қаңтардан бастап бүгінгі күнге дейінгі жағдай бойынша осы органға азаматтардан 2 386 өтініш келіп түсті.

Оның ішінде «Конституциялық Сот туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігі бойынша алдын ала 358 өтініш қаралып жатыр. Судьялардың зерделеуінде өтініш саны 34-ке дейін өскені байқалады.

Өтініш берушілер соттардың шешімдерін қайта қарау – 43%, ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету – 3,6%, еңбек және зейнетақы заңнамасы шеңберінде құқықтарын қорғау – 2%, қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы құқықтарды қорғау – 1,4% және т.б. Нормативтік құқықтық акті немесе оның жекелеген ережелерін Конституцияға сәйкес емес деп тану мәселелері бойынша 22%-ы жиі жүгінгені көрінеді, - делінген баспасөз хабарламасында.

Биыл 1 қаңтардан бастап Конституциялық Сот 8 нормативтік қаулының ішінен азаматтардың өтініштері бойынша 5 нормативтік қаулы шығарды. Конституциялық Сот Салық кодексінің, Қылмыстық-атқару кодексінің, мемлекеттік қызмет, зейнетақымен қамсыздандыру және қылмыстық іс жүргізу кодексі саласындағы заңдардың, Әлеуметтік кодекстің және Әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы Заңның жекелеген нормаларының Конституцияға сәйкестігін тексерді. Бұрынғыдай өңірлерден келіп түскен өтініштерді апта сайын талдау қорытындысы бойынша өтініштердің басым көпшілігі Астана және Алматы қалаларынан, Қостанай, Қарағанды және Жамбыл облыстарынан келіп түсті.

Өзгелердің жаңалығы