Жыл басынан бері елорданың 507 мүмкіндігі шектеулі тұрғыны жұмысқа орналасты

14 Қазан 2019, 19:30
1209
Бөлісу:
Жыл басынан бері елорданың 507 мүмкіндігі шектеулі тұрғыны жұмысқа орналасты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мүгедектерді жұмысқа орналастырудың негізгі формасы жұмыс орындарын квоталау, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Заңға сәйкес, квота кәсіпорын жұмысшыларының жалпы санының 2-ден 4 пайызына дейін белгіленеді. Квоталаудан бөлек, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру мақсатында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылып тұрады. Мәселен ағымдағы жылдың 9 айында 20 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.

"Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар мен түзету мекемесінен босап шыққан және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтар үшін де өткізілді. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шеңберінде 30-дан астам адам электр дәнекерлеу, видеографика, анимация және баска мамандықтар бойынша қысқа мерзімді курстан өтті", - делінген тартылған ақпаратта. 

Ал елорданың мүмкіндігі шектеулі екі тұрғыны өз бизнес идеясын жүзеге асыруға 100 АЕК көлемінде  (252 500 теңге)  грантқа ие болды.


Өзгелердің жаңалығы