Жыл басынан бері елордада коронавируспен күреске 35,38 млрд теңге жұмсалған

28 Қазан 2021, 17:28
138210
Бөлісу:
Жыл басынан бері елордада коронавируспен күреске 35,38 млрд теңге жұмсалған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ елордалық филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров хабарлады. Сондай-ақ ол биылғы 9 ай ішінде індетпен күрес аясындағы іс-шараларды қаржыландырудың нақты қай бағытта жұмсалғанын айтты.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2021 жылдың 9 айында коронавирустық инфекциямен күрес аясындағы іс-шараларды қаржыландыру 35,38 млрд теңгені құрады. Атап айтатын болсақ, медицина қызметкерлеріне үстемеақыға – 17,38 млрд теңге, медициналық көмекке және КВИ таралуын болдырмау жөніндегі қызметтерге – 13,75 млрд теңге жұмсалды. Ал карантиндік және инфекциялық стационарларға 42,7 мыңнан астам адам емдеуге жатқызылды, - деді Нұрлыбек Қабдықапаров.

Оның айтуынша, КВИ таралуын болдырмау үшін стационар аясында үйге келіп көрсетілетін медициналық көмекке – 1,88 млн теңгені құрап, 60 адам емделген.

ПТР диагностика қызметіне – 3,41 млрд теңге бөлініп, 482,1 мың ПТР-тест жасалды. Мобильді бригадалардың шығуына – 838,73 млн теңге, 145,5 мың шақыртуға жұмсалды, - деп атап өтті филиал директоры.

Өзгелердің жаңалығы