Елордада көпқабатты тұрғын үйлерден балалардың терезеден құлау жағдайлары алаңдатарлық деңгейде қалып отыр. Жазғы демалыс басталған 25 мамырдан бері мұндай 11 оқиға тіркелсе, жыл басынан бері олардың саны 21-ге жеткен. Өкінішке қарай, биыл төрт бала көз жұмған.
Салыстырмалы түрде алғанда, 2025 жылы балалардың терезеден құлауының 58 дерегі тіркеліп, 14 бала қайтыс болған.
Осыған байланысты 9 маусым күні сағат 11:00-де Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті балалардың терезеден құлау фактілерінің алдын алуға бағытталған ауқымды профилактикалық акция ұйымдастырады.
Іс-шара барысында көпбалалы отбасылардың пәтерлеріне арнайы терезе блокираторлары (қауіпсіздік құлыптары) орнатылады. Мамандардың айтуынша, бұл қарапайым әрі тиімді құрал балалардың терезеден абайсызда құлап кету қаупін азайтып, олардың өмірін сақтауға көмектеседі.