Жыл басынан бері 9 мыңнан астам адам құтқарылды – ТЖМ

13 Қазан 2022, 04:18
1008
Бөлісу:
Жыл басынан бері 9 мыңнан астам адам құтқарылды – ТЖМ

Жыл басынан бастап төтенше жағдайларды жою үшін ТЖМ өрт сөндіру қызметі, жедел құтқару және басқа да бөлімшелері 61 983 шығуды жүзеге асырып, 9 863 адамды құтқарды, деп хабарлады BAQ.KZ.

Төтенше жағдай аймағынан 10 627 адам эвакуацияланып, 3 690 зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

9 727 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен оқиғалар тіркелді, онда 1 481 адам зардап шекті.

ТЖМ кезекші-диспетчерлік бөлімшелері SMS-хабарламалардың бекітілген тізбесіне сәйкес ұялы байланыс телефондарына SMS-хабарламаларды жіберу арқылы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау қаупі туралы халықты хабардар ету жөнінде дереу шаралар қабылдайды.

Ұялы байланыс операторлары арқылы халыққа дауылды ескерту (көктайғақ, қатты жел, боран, қатты аяз, жаңбыр суының қаупі, қар көшкіні қаупі және т.б.), тасжолдардың жабылуы, сабақтардың тоқтатылуы бойынша 4 558 смс-хабарлама жіберілді.

Жедел ден қоюды және шешім қабылдауды талап ететін ақпарат белгіленген тәртіпке сәйкес дереу тиісті басқару органдарына жеткізіледі.

Өзгелердің жаңалығы