Жүздеген финляндиялық вакцинациядан кейін COVID-19-бен ауырып қалды

6 Наурыз 2021, 12:06
1501
Бөлісу:
Жүздеген финляндиялық вакцинациядан кейін COVID-19-бен ауырып қалды

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты 28 наурызға дейін Финляндия билігі қатаң шектеу шараларын енгізді.

Финляндияның 200-ге жуық тұрғыны вакцинаның алғашқы дозасын алғанына қарамастан коронавирусты жұқтырған. Бұл туралы «ИлтаСаномат» газеті хабарлады.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму ұлттық институтының (THL) бас дәрігері Ханна Нохюнектің айтуынша, бұл көрсеткіш одан да көп болуы мүмкін. Өйткені коронавирус сынағынан барлығы бірдей өте бермейді.

Дәрігерлер вакцинациядан кейін инфекция қаншалықты көп болғанын анықтайды.

Федералдық және жергілікті органдардың, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының және басқа да ашық дереккөздердің қорытындыларын шығаратын Джонс Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша Финляндияда коронавирус пандемиясы басталғаннан бері 60 мың 904 адам жұқтырған, 46 мың адам сауыққан, 767 адам қайтыс болды.

 Еске сала кетейік, ғалымдар Финляндияда коронавирустың Британия және Оңтүстік Африка штамдарының қасиеттеріне ие жаңа мутациясын тапқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы