Жүйелі қызыл жегі ауруының белгілері мен алдын алу жолдары қандай? Дәрігер кеңесі

24 Қаңтар 2023, 15:36
7993
Бөлісу:
Жүйелі қызыл жегі ауруының белгілері мен алдын алу жолдары қандай? Дәрігер кеңесі

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының ревматолог дәрігері Маржан Абдуллаева жүйелі қызыл жегі ауруының белгілері мен оның алдын алу жолдары туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жүйелі қызыл жегі – созылмалы аутоиммунды ауру. Ол ағзаға, әсіресе, теріге, буындарға, қантүзілім жүйесіне, бүйрекке және орталық жүйке жүйесіне әсер етуі мүмкін.  Кейде қызыл жегі отбасылық сипатта болуы мүмкін, сондықтан бұл аурудың даму ықтималдығы артады. Ол жұқпалы ауру емес.  

Қызыл жегіге шалдыққан науқаста дене қызуының біртіндеп не тұрақты түрде көтерілуі, салмақ тастау және тәбеттің жоғалуы байқалады. Көбінесе ауру теріге және шырышты қабаттарға әсер етеді. Әртүрлі тері бөртпелері, фотосенсибилизация (күн сәулесінің әсерінен бөртпе пайда болуы), мұрын немесе ауыз қуысында жаралар болуы мүмкін. Мұрын мен шекеге «көбелек» түрінде бөртпелер шығады. Кейде шаш көп түсе (алопеция) бастайды. Қолдар қызыл, содан кейін ақ, суыққа шыққан кезде көк болады. Ауру белгілері – буындардың ісінуі мен қаттылығы, бұлшықет ауруы, анемия, көгерудің пайда болуы, бас ауруы, құрысулар және кеудедегі ауырсыну .

Бүйректің ауыр зақымдануының ең жиі кездесетін белгілері – қан қысымының жоғарылауы, ақуыздың болуы, зәрдегі қан, сондай-ақ аяқтың және қабақтың ісінуі.

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ ревматолог дәрігері Маржан Абдуллаеваның айтуынша, емдеуші дәрігер тағайындаған дәрі-дәрмектерді қабылдау қызыл жегі белгілерін бақылауға көмектеседі. Зертханалық зерттеулер диагноз  қоюға және аурудың қандай ішкі органдарға әсер ететінін анықтауға көмектеседі. 

Денім сау болсын деген әр адам аурудың алдын алу үшін дәрігерге қаралуы керек.  Ауруды ерте анықтап, ерте күрессе қызыл жегіні емдеу нәтижесі жақсарады. Оны стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды, гидроксихлорохинді, кортикостероидтарды, цитостатиктерді, гендік-инженерлік биологиялық препараттарды қолдану арқылы емдеуге болады. Егер диагноз ерте қойылса және пациент тиісті ем алса, онда ауру әдетте кері кетеді және ремиссияға ауысуы мүмкін. Алайда, жүйелі қызыл жегі болжанбайтын созылмалы болған соң науқастар медициналық бақылауда болып, үнемі дәрі-дәрмектер қабылдауы керек, - дейді дәрігер.

Қызыл жегімен ауыратын адамдар емделе бастағаннан кейін олар қалыпты өмір сүре алады. Аурудың беті қайта бастаған кезден тұрақты түрде жаттығулар жасаған дұрыс. Жаяу, велосипед тебу, жүзу және басқа аэробты спорт түрлері немесе ашық ауада серуендеген жөн. Қызыл жегімен ауыратын науқастар дұрыс тамақтануы керек. Ауру өршіп кетпес үшін науқас күн сәулесінен қорғайтын крем жағып, вирустық инфекциялар, стресс, гормоналды және басқа да дәрі-дәрмектерден аулақ болғаны жөн.

Өзгелердің жаңалығы