«Жусан» операциясына арналған деректі фильм жарық көрді

13 Шілде 2021, 18:27
1762
Бөлісу:
«Жусан» операциясына арналған деректі фильм жарық көрді
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  «Жусан» гуманитарлық арнайы операциясы аясында жүргізілген жұмыстарға арналған «Рақымды ұйғарым» деректі фильмі жарыққа шықты.

ҚР ҰҚК дайынаған фильмде ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел қызметкері алғаш рет қарулы қақтығыс аймағында болу жағдайларын, арнайы операцияның дайындық процесін ашады, қазақстандық азаматтарды Сириядан қайтару бойынша бірегей операцияны жүргізуге тартылған мемлекеттік органдардың күштері мен құралдары туралы әңгімелейді.

​ҚР ҰҚК дайынаған фильмде ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел қызметкері алғаш рет қарулы қақтығыс аймағында болу жағдайларын, арнайы операцияның дайындық процесін ашады, қазақстандық азаматтарды Сириядан қайтару бойынша бірегей операцияны жүргізуге тартылған мемлекеттік органдардың күштері мен құралдары туралы әңгімелейді.

​Сондай-ақ отандастарымызды репатриациялау, әлеуметтендіру және оңалту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары, қазіргі ҚР Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және өкілетті елшісі Ержан Ашықбаев өз ойларын айтқан.


Біз жақынын жамандыққа қимаған халықпыз ғой. Мемлекетіміздің басты құндылығы – адам. Сондықтан «Жусан» операциясы басқа жолға түсіп кеткен азаматтарымызды да елге қайтаруға ықпал етті. Әрбір азаматтың өмірі мемлекет үшін маңызды екенін байқатты. Бұл бірнеше өкілетті органдардың жұмысының нәтижесі. Қазір осы операцияның тәжірибесін басқа елдер де қарап, зерттеп жатыр, - дейді министр Аида Балаева. 


Өзгелердің жаңалығы