Журналистика факультеттеріне «Медиа және ақпараттық сауаттылық» пәнін енгізу ұсынылды

Журналистика факультеттеріне «Медиа және ақпараттық сауаттылық» пәнін енгізу ұсынылды
1039

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева медиа саласы мамандарын даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының ректорларымен «Қазақстан Республикасындағы журналистика деңгейі» тақырыбында онлайн-форматта өткен кездесу барысында айтты.

Жас мамандарды нақты сала бойынша дайындау, атап айтқанда ауыл шаруашылығы саласы, экономика, қаржы, медицина, экология және басқа бағыттар бойынша үйрету ісіне көп сын айтылады. Бұл орайда, министрлік медиа саласы мамандарын дайындау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша арнайы жоба әзірлеп отыр. Сонымен қатар, білім беру жүйесінің деңгейі мен тиімділігін арттыру үшін жыл сайын студенттер арасында «Үміт» шығармашылық конкурсын өткізу жосарланып отыр, - деді ол. 
Аида Балаева медиа сауаттылық мәселесі де бүгінгі күннің көкейтесті сұрақтарының бірі екеніне тоқталды. 
Бүгінгі интернет заманы, түрлі әлеуметтік желілердің көптігі жалған ақпарат, зерттелмеген тақырыптардың таралуына себеп болып жатады. Осы орайда еліміздегі жоғары оқу орындарында журналистика факультеттерінде «Медиа және ақпараттық сауаттылық» пәнін енгізуді ұсынамын. Баспасөз – қоғамның айнасы болса, журналист сол қоғамда ақпаратты жеткізетін тұлға. Сондықтан, қоғамның мәдениетін көтеріп, талғамын қалыптастыру, сауатын арттыру тілшілер қауымына жүктелетін сенім мен міндет десем артық емес. Осы орайда бір келісімге келіп, оң нәтижелерге қол жеткізуге, бірге қызмет етуге дайынбыз. Бүгінгі таңда әр сала бойынша журналистерді дайындау, жалпы медиа саласын жетілдіру бағытында біз екі университетпен меморандумға қол қойып отырмыз. Тағы басқа да университеттермен меморандумға отырамыз деп сенемін, себебі, мақсат бір, мүдде бір, - деді министр.
Бұған дейін министр Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі журналистика студенттерін бірінші курстан бастап мемлекеттік БАҚ-тарда өндірістік тәжірибеден өткізуге көмектесуге дайын екенін айтқан болатын.




Фото: ашық дереккөз