Журналистерге шабуыл ұйымдастырды деген күдіктінің сыбайластары анықталды

2 Наурыз 2023, 17:03
877
Бөлісу:
Журналистерге шабуыл ұйымдастырды деген күдіктінің сыбайластары анықталды
Фото: АҚДМ баспасөз қызметі

Бұған дейін журналистерге шабуыл ұйымдастырғандар ұсталғанын хабарлаған едік. Енді оның сыбайластары да анықтала бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұсталған О.Токарев өзінің кінәсін мойындады және тергеуге көмектесуге келісті. Оған басқа шетел азаматтары – К.Литвиновтің, С.Шаповаловтың, Б.Демченко мен Я.Малышоктың белсенді көмек көрсеткені анықталды. Токаревтің өзі ұйымдастырушы және үйлестіруші ретінде, ал топтың басқа қатысушылары – Литвинов, Шаповалов және Демченко рекрутерлер рөлін атқарып, Қазақстан азаматтары арасынан арандатуды тікелей іске асырушыларды, яғни «қабандар» деп аталатын орындаушыларды іздеумен және қылмыстық әрекетке тартумен айналысқан, – делінген ІІМ ақпаратында.

Жедел-тергеу тобының мәліметінше, Я.Малышок хакерлік бағытқа жауапты болып (флуд, DDos, бұзу және т.б.), «Orda» және «Elmedia» сайттарына DDos-шабуылдарын өзі ұйымдастырған. «Ulysmedia» редакциясының сайтын бұзған.

Қазіргі таңда Бас прокуратурамен бірге Токаревтің сыбайластарын халықаралық іздеуге жариялау мәселесі пысықталуда.

Мемлекет басшысы бұл заңсыз әрекеттердің орындаушылары ғана емес, тапсырыс берушілері де анықталуға тиіс екенін баса айтқаны белгілі. Тапсырыс берушілерді анықтау жұмыстары өз нәтижесін береді деп сенеміз.

Өзгелердің жаңалығы