Журналистерге арналған «Latynsha-like» семинанар-тимбилдингі өтті

6 Шілде 2019, 12:27
1399
Бөлісу:
Журналистерге арналған «Latynsha-like» семинанар-тимбилдингі өтті
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында латын қарпіне көшу бойынша БАҚ құралдары өкілдері, зиялы қауым, қоғам белсенділері арасында семинар-тимбилдинг ұйымдастырды.

Журналистерге арналған «Latynsha-like» семинанар-тимбилдингі өтті


Шараның мақсаты - Президент тапсырмаларында көрсетілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру. Бағдарлама аясындағы латын қарпінің БАҚ-да насихатталуын арттыру, қоғамға латын негізді әліпбидің таралуына ықпал ету.

Шараға белгілі қоғам белсенділері, зиялы қауым, БАҚ өкілдері, блогерлер, әкімдік қызметкерлері қатысты. 

Шараның басы арнайы дайындалған латын қарпі бойынша дайындалған семинар-тренингімен басталып, оны меңгеруге арналған интеллектуалды ойындар ойнатылды. Одан өзге, түрлі сайыстар мен спорттық шаралар ұйымдастырылды. Шара соңында белсенділік танытқан қатысушыларға алғыс хат беріліп, семинар-тренингке қатысқаны жөнінде сертификаттар табысталды.
Өзгелердің жаңалығы