Журналистердің атқарып жатқан еңбектері ерен – Сапархан Омаров

27 Маусым 2020, 13:15
2010
Бөлісу:
Журналистердің атқарып жатқан еңбектері ерен – Сапархан Омаров

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

Құрметті журналистер және БАҚ өкілдері! Сіздерді кәсіби мереке – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтаймын! Бүгінгі таңда халықтың әл-ауқатының артуы, қоғамның тұрақты дамуы, ел экономикасының нығаюы жолында журналист қауымның атқарып жатқан еңбектері ерен.

Қазіргі ақпаратқа тәуелді заманда, ел ішінде және әлемде болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістерді халыққа жылдам жеткізіп, ресми дұрыс ақпаратпен сусындату аса маңызды. Бұл әсіресе шалғайдағы ауыл – аймақ тұрғындары үшін өте өзекті.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі отандық БАҚ өкілдерінің кәсіби шеберлігін жоғары бағалап қана қоймай, олардың ауыл мен елдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытудағы еңбектерін де ерекше атап өтеді. Сіздердің адал қызметтеріңіздің арқасында халық агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты, ауылдық бизнесті өркендету мүмкіндіктерін, фермерлік шаруашылықтарға көрсетілетін қолдаулар туралы сапалы ақпаратпен сауаттанып отыр деп білеміз. Осынау кәсіби мерекеде Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс, шалқар шабыт тілейміз! Тың идеялар мен табысты жобаларыңыз көп болсын, - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров.


Өзгелердің жаңалығы