Журналистер мемлекеттік наградалармен марапатталды

14 Желтоқсан 2021, 20:35
3283
Бөлісу:
Журналистер мемлекеттік наградалармен марапатталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында отандық телевизияның дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар журналиске мемлекеттік наградалар табыс етілді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады. 

Тәуелсіздік күні – күллі жұртымыз үшін ұлық мереке. Азаттығымыздың 30 жылдығы қарсаңында азаматтардың еңбегі еленіп, Мемлекет басшысы тарапынан әртүрлі марапат алып жатыр. Төккен тер мен тынымсыз еңбекті елдің ең жоғарғы басшысы елеп жатса, әрине, ол – зор қуаныш. Марапат иелерін шын жүректен құттықтаймын! Ең бастысы еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! – деп жазды Берік Уәли.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай БАҚ саласында зор еңбек сіңірген бірқатар журналист Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес мемлекеттік марапаттарға ие болды.

«Құрмет» орденімен «Хабар» агенттігінің тележүргізушісі Зейін Әліпбек пен «Қазақстан» ҰТА «Апта» сараптамалық бағдарламасының жүргізушісі Жайна Сламбек наградталды.

Журналистер мемлекеттік наградалармен марапатталды
Журналистер мемлекеттік наградалармен марапатталды

Ал, «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Хабар24» телеарнасының жүргізушісі Асылбек Абдулов, журналист Мұхтар Түменбай және «КТК» телеарнасының жүргізушісі Мәдина Балғабаева марапатталды.

Журналистер мемлекеттік наградалармен марапатталды

  

Журналистер мемлекеттік наградалармен марапатталды
Өзгелердің жаңалығы