Журналистер күніне орай байқау жарияланды

1 Сәуір 2022, 10:55
5393
Бөлісу:
Журналистер күніне орай байқау жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Журналистер одағы Журналистер күніне орай байқау жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстанда 2022 жыл Балалар жылы болып жарияланды. Олардың амандығы – мемлекетіміздің табысты болашағының сенімді кепілі.

Осыған байланысты бұл тақырып басымдыққа ие болады. Сондай-ақ 28 маусым – Журналистер күніне орай БАҚ өкілдері арасында өтетін дәстүрлі байқау журналистердің басқа тақырыптарды таңдауына да мүмкіндік береді.

Байқауға ұсынылатын материалдарға қойылатын негізгі талап – тақырыпты объективті, жан-жақты, терең ашу, мәселеге өзіндік, шығармашылық көзқарас, өзектілік, тиімділік. Ағымдағы тақырып бойынша жарияланымдар сериясы басымдыққа ие болатынын да ескерте кетеміз. Конкурсқа 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 1 маусымға дейін жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар, фотосуреттер, радио-видео сюжеттер қабылданады. Ұсынылған материалдар саны 5-тен аспауы тиіс, – делінген хабарламада.

Байқауға материалдар қабылдау 10 маусымда аяқталады.

Материалдарға сілтемелерді көрсете отырып сауалнамалық мәліметтерді union-press@kazmedia.kz поштасына электронды түрде жіберу керек. Сауалнамада сіз жұмыс орныңызды, лауазымыңызды, үй мекенжайыңызды, телефон нөміріңізді және материалдардың қай басылымдарда жарияланғанын көрсетуіңіз қажет.

Байқау нәтижесі 20 маусымда жарияланады, марапаттау 2022 жылдың 28 маусымында Алматыда өтеді.

Қазылар алқасының құрамы және байқау туралы басқа да маңызды ақпарат Журналистер одағының Facebook парақшасында жарияланады.

Өзгелердің жаңалығы