Журналистер арасында Мира Мұстафина атындағы конкурс өтеді

4 Ақпан 2021, 18:30
1367
Бөлісу:
Журналистер арасында Мира Мұстафина атындағы конкурс өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан әйелдер күштерінің альянсы Мира Мұстафина атындағы журналистер арасындағы қоғамдық сыйлыққа қатысу туралы өтініштер қабылдауды бастады.

2021 жылдың 3 ақпаны мен 2021 жылдың 3 наурызы аралығында журналистер арасында Мира Мұстафина атындағы сыйлыққа конкурс өтеді. Байқауға Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін және еліміздегі әйелдер жайлы өзекті мәселелерді, қыздар мен әйелдердің өмір сүру сапасын, сондай-ақ елдегі отбасылық-гендерлік саясатты жүзеге асыруды жария етуге бағытталған жарияланымдары бар журналистер қатыса алады. Мақалаларды қазақ немесе орыс тілдерінде өткізуге болады, - делінген ақпаратта.

Сыйлық үздік журналистерді және берілген тақырып бойынша үздік журналистік жұмыстарды, сондай-ақ Қазақстандағы әйелдердің мәртебесін арттыруға барынша үлес қосып жүрген БАҚ-тарды анықтауға мүмкіндік береді.

Байқауға келесі номинациялар бойынша өтінім беруге болады:

• «Мира Мұстафина сыйлығы: Қазақстандағы әйелдердің мәртебесін арттыруға қосқан үлесі үшін»

• «Мира Мұстафина сыйлығы: Қазақстандағы әйелдер денсаулығын сақтауға қосқан үлесі үшін»

• «2021 жылғы үздік БАҚ: Қазақстан Республикасында отбасылық-гендерлік саясатты жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін».

Қазылар алқасы бас редакторлар, беделді журналистер, Қазақстан әйелдер күштері Альянсының мүшелері және әйелдер құқығы мен гендерлік теңдік саласында жұмыс істейтін басқа да ҮЕҰ мүшелерінен құрылған.

Байқау қорытындысы 2021 жылдың 5 наурызында шығарылады. 

Өзгелердің жаңалығы