Жүргізушілерге кеңес. Күннің ыстығында қандай ереже сақтау керек?

17 Шілде 2023, 11:30
638
Бөлісу:
Жүргізушілерге кеңес. Күннің ыстығында қандай ереже сақтау керек?
Фото: BAQ.KZ - архив

ІІМ ыстық күндері сапарды жеңілдететін және әртүрлі қиын жағдайларда көмектесетін бірнеше ереже ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ІІМ ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек мынадай ережелерді айтты:

- Алыс қашықтыққа сапарларды таңертең немесе кешке күннің көзі жоқ кезде жоспарлаңыз;

- Медициналық көмек қобдишасы мен суды багажникте емес, жаныңызда ұстаңыз;

- Қатты ыстықта көктайғақта қозғалғандай жүріңіз. Себебі жоғары температура жағдайында асфальт өзінің қасиеттерін жоғалтып, тайғақ болады;

- Салқындату жүйесін үнемі бақылап отырыңыз;

- Термометрдің қызыл аймаққа шығуына жол бермеңіз;

- Бакты толық толтырмаңыз;

Өйткені жоғары температурада дизель отыны мен бензиннің көлемі ұлғаяды, белсенді булану жүреді. Мұндай жағдайларда өрт шығу қаупі бар. Сол себепті жолға шығар алдында өрт сөндіргіштің жарамдылығын тексеру керек, - деді Шұғыла Тұрлыбек.

Жүрек қан тамырлары жүйесі және созылмалы аурулары бар жүргізушілерге қатты ыстықта жол жүрмеуге кеңес берілді.

Егер жағдайыңыз күрт нашарласа, көлікті дереу тоқтатып, басқа жүргізушілердің назарын өзіңізге аударыңыз немесе жедел жәрдем шақырыңыз, не болмаса құтқару қызметіне не полицияға қоңырау шалыңыз, - деп айтты ІІМ ресми өкілі брифингте.

Өзгелердің жаңалығы