Жүргізуші куәлігінен айырылған адамдар автобус жүргізген

10 Маусым 2023, 14:59
897
Бөлісу:
Жүргізуші куәлігінен айырылған адамдар автобус жүргізген
VIDEO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Атырауда жүргізуші куәлігінен айырылған адамдар қоғамдық көлікті басқарып келгені анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау қаласының прокуроры Руслан Айтимовтың айтуынша, жолаушылар тасымалдайтын кәсіпкерлік субъектілердің қызметі тексеріліп жатыр.

Тексеру полиция қызметкерлерімен бірге жүргізілген.

Атырау қаласының прокуратурасы жолаушылар тасымалдайтын кәсіпкерлік субъектілердің қызметіне тексеріс жұмыстарын бастады. Оның барысында бұдан бұрын масаң күйде көлікті басқарып, куәлігінен айырылған адамдар қоғамдық көлікті жүргізгені анықталды. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қоғам белсенділерінен қоғамдық көлік маршрутына әсер ететін заң бұзушылықтар анықталған жағдайда қала прокуратурасының «WhatsАpp» нөміріне (+7 701 652-48-76) фото, видео материалдарды жолдауды сұрайды, - деді Руслан Айтимов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Жүргізуші полиция басқармасына жеткізілді. Ал қоғамдық көлік айып тұрағына қойылды.

Өзгелердің жаңалығы