Жүрегі тоқтап қалған: Суға батқан баланы құтқарған қызметкер марапатталды

21 Ақпан 2024, 02:15
1687
Бөлісу:
Жүрегі тоқтап қалған: Суға батқан баланы құтқарған қызметкер марапатталды
Фото: gov.kz

Баланы суға батудан құтқарып қалғаны үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен лейтенант Абиров Серік марапатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖД мәліметіне сәйкес, 18 ақпанда сағат 17:00 шамасында қоғамдық бассейн аумағында адамдар бассейнде шамамен 5-6 жастағы баланың суға батып кеткендігін хабарлап, көмек сұрай бастады.

Табандылықпен МКҚ қызметкерлері дереу алғашқы көмек көрсете бастады. Бала ес-түссіз жатқан еді. Лейтенант Абиров Серік ең алдымен, каротид артериясындағы пульсті тексеріп, оның жоқтығын анықтады, яғни бала тыныс алмады. Ауыз қуысында бөгде заттардың жоқтығына көз жеткізіп, жүрек-өкпе реанимациясына кірісті. Суға батқан адамды құтқару бойынша барлық іс-шаралар Әбіров Серіктің басшылығымен жасанды тыныс беру әдісімен жүргізілді, ал Қасенов Талғат пен Ілияс Серік кеуде қуысын қысуды жүргізді, - делінген хабарламада.

Реанимацияның бірнеше әрекетінен кейін бала жөтеліп, тыныс алды.

Осылайша, қызметкерлердің тез және сенімді әрекеттерінің арқасында бала құтқарылды.

Сол күндері Алматы қаласында МКҚ қызметтік іссапарда болғанын атап өткен жөн.

Подполковник Қасенов Талғат, сондай-ақ майор Ілияс Серік "Қазақстан Республикасы ТЖМ Алғыс хатымен" марапатталды. Төтенше жағдайлар министрінің атынан марапатты Алматы қаласы ТЖ департаментінің бастығы полковник Нұрлан Атығаев табыстады.

Азаматтық қорғау органдарының атынан баланы құтқарып, жедел іс-қимыл жасағандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Сіздердің білікті іс-әрекеттеріңіз бен азаматтық ұстанымдарыңыздың арқасында жазатайым оқиғанның болуына жол берілмеді, - деп атап өтті ТЖД басшысы.

Баланың әкесі ТЖД-ға арнайы келіп, уақытылы көрсеткен көмегі үшін «Қызметкерлерге сол жерде болғанына, алғашқы жәрдем көрсеткенін және кәсібиліктері үшін алғыс айтқым келеді. Менің және отбасымның атынан шын жүректен алғыс айтамын», - деп жылы лебізін білдірді.

Өзгелердің жаңалығы