Жұмыссыз безіп жүрген жерлестеріміздің саны азаяр емес - депутат

15 Қараша 2023, 15:33
515
Бөлісу:
Жұмыссыз безіп жүрген жерлестеріміздің саны азаяр емес - депутат
Фото: Мәжіліс баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаты Самат Мұсабаев Үкіметке сауал жолдап, Маңғыстау өңірінің проблемасын көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысының тапсырмалары мірдің оғындай уақтылы әрі бұлжытпай орындалуы керек деп есептеймін. Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау өңіріне арнайы бірнеше рет барып, қордаланған мәселелер бойынша нақты, һәм маңызды іс-шаралар жоспарын бекітті. Оның ішінде, өңірге маңызды 34 қажетті тапсырмалар берілді. Бүгінде сол тапсырмалардың көбі орындалмай отыр. Кеше, осы сауалды дайындар алдында мемлекеттік органдармен Президенттің берген тапсырмаларын бір пысықтадық. Әзірше, 34 қажетті шараның, тек 5-еуі ғана іске асып келеді. 29 іс-шара сол бойы тоқтап тұр, - деді депутат.

Атап айтқанда, тоқтаған іс-шаралар тізбегінде жол мәселесі: Ақтау – Форт-Шевченко, Таушық - Шетпе жол торабтарын салу, елді ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша: Құйылыс-Ақтау су желісімен қамтамасыз ету, туризм мәселесін дамыту бойынша: Каспийдің жағасын дамыту, ел саулығын сақтау үшін: Қошқар Ата территориясындағы улы заттарды көму сияқты өңір тұрғындары үшін маңызды тармақтар бар.

Сондай-ақ Құрылыс және өнеркәсіп министрлігіне берілген 6 тапсырма, Самұрық-Қазынаға тиесілі 3 тапсырма, Бәйтерекке берілген бір тапсырма, Ұлттық экономика министрлігіндегі 7 тапсырма, Ауылшаруашылық министрлігіне берілген 2 тапсырма орындалмаған.

Осылай жалғастыра беруге болады. Мысалы, Әлихан Асханұлы! Сіз 2023 жылы Маңғыстау облысына бір емес үш рет іс-сапарда  болып, Президенттің тапсырмалары бойынша жиналыс өткіздіңіз. Дегенмен біз нәтиже көрмей отырмыз. Бозащыдағы авариядан әлі сауықпадық, от болып аспанға атып тұр. Жұмыссыз безіп жүрген жерлестеріміздің саны азаяр емес, - дейді Самат Мұсабаев.

Депутат мынадай ұсыныстар айтты:

  • Үкімет аталған мәселелердің орындалуы бойынша тез арада арнайы мемлекеттік органдардың есебін алсын;
  • Үкімет пен Президент әкімшілігінің Мемлекет басшысы халық алдында берге нақты тапсырмаларын орындату процестерін күшейтуді ұйымдастыруды;
  • Аталған тапсырмалар бойынша бюджетті нақтылау барысында қолдау табуын сұраймыз.
Өзгелердің жаңалығы