Жұмысшылардың өндірісте мертігуі көбейіп кетті. Тоқаев Үкіметке тапсырма берді

1 Қыркүйек 2023, 11:26
604
Бөлісу:
Жұмысшылардың өндірісте мертігуі көбейіп кетті. Тоқаев Үкіметке тапсырма берді
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - Архив

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы өтіп жатыр.

Қазақстанда кен өндіру өнеркәсібі жақсы дамығаны баршаға белгілі. Осы сала ұлттық экономиканың өсімін қамтамасыз ететін сенімді табыс көзі болып келеді. Болашақта да солай болуға тиіс. Көптеген металдың әлемдік нарықтағы бағасы бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Соған қарамастан ірі өндіріс орындарына жақын тұратын жұрттың наразылығы күшейіп барады. Олар экология нашарлап, денсаулыққа зиян келтіріп жатқанын айтып, шағымданып жатыр, - деп айтты Тоқаев.

Президент атап өткендей, жұмысшылардың өндірісте мертігуі және қазаға ұшырауы көп болып кетті.

Үкімет кәсіпорындардың технологиялық және экологиялық ахуалын, денсаулық сақтау жүйесін жақсарту үшін батыл шаралар қабылдауы қажет. Сондықтан ірі өндіріс кәсіпорындары 5 жыл сайын технологиялық және экологиялық аудит жасауы керек. Бұл талап инфрақұрылым саласындағы кәсіпорындарға да қойылуға тиіс, - деп тапсырма берді Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілісте.

Өзгелердің жаңалығы