Жұмысқа орналастырып беремін. Астанада алаяқ әйел ұсталды

28 Қазан 2022, 00:15
982
Бөлісу:
Жұмысқа орналастырып беремін. Астанада алаяқ әйел ұсталды

«Алматы» ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтық жолмен ақша иемденген 30 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жәбірленушінің айтуынша өзі жақсы танымайтын азамат сеніміне кіріп, қаладағы компаниялардың біріне жұмысқа орналастырып беремін деп 500 мың теңге ақшасын алған. Алайда, ақшаны иемденген алаяқ уәдесін орындамай, не ақшаны қайтармай жәбірленушіні әбігерге салған. Содан кейін алаяқтың құрбаны болғанын түсініп, полициядан көмек сұрайды. 

Аталған фактіге қатысты «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған әйел кінәсін мойындады, оның елорда аумағында осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы