Биыл 1,2 млн адамды жұмыспен қамту жоспарланған – Серік Шапкенов

18 Тамыз 2020, 17:04
1104
Бөлісу:
Биыл 1,2 млн адамды жұмыспен қамту жоспарланған – Серік Шапкенов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл 1 млн 200 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы “Орталық коммуникациялар қызметінде” өткен онлайн брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Шапкенов айтты. 

Халықты тұрақты жұмыспен қамту басты мәселелердің бірі. Биыл 1 млн 200 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Оның ішінде ең басты мемлекеттік бағдарлама – “Еңбек”. Бағдарлама аясында 600 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланса, қазіргі таңда 379 мыңы осы шаралармен қамтылып отыр. Індетке, індет кесірінен алған дағдарысқа байланысты елімізде дағдарысқа қарсы “Жұмыспен қамту” жол картасы бағдарламасы қабылданды. Осы бағдарлама аясында 255 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланды. 7 айдың қорытындысы бойынша 154 мың адам жұмыспен қамтылды. Мемлекеттік бағдарламалардың аясында 364 мың адамды жұмыспен қамтуды жоспарлаған болатынбыз. Осы бағдарламаларды іске асыру барысында 210 мың адам жұмыспен қамтылды. Барлығын қоса есептегенде 743 мың адам жұмыспен жұмылдырылды, - деді ол брифингте. 

“Еңбек” бағдарламасына 176 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінсе, Президенттің тікелей тапсырмасына сәйкес 50 млрд теңге көлемінде қосымша қаражат бөлінген.  

Азаматтарымызды кәсіби біліммен қамтамасыз етуіміз қажет. Аз қамтылған және көпбалалы отбасыдан шыққан немесе ҰБТ қорытындысы бойынша оқуға түсе алмаған азаматтар болса, оларға кәсіби білім беру мақсатында арнайы оқытамыз. 1 қыркүйектен бастап 20  600 азаматты оқытуды бастаймыз, - дейді вице-министр. 

“Еңбек” бағдарламасы шеңберінде қысқа мерзімді оқыту курсы бойынша азаматтар білім ала алады.  

Азаматтарға 3-6 ай аралығында өзіне сәйкес кәсіби білім алу. Осы бағыт бойынша 11 мың азамат оқуға бағытталды. Індет салдарынан кей оқу орталығы жұмысын тоқтатты. Қысқа мерзімді оқуда оқыған азаматты міндетті түрде жұмыспен қамтамасыз етеді. Осы ретте 700 азамат оқу бітірсе, оның 210-нан астамы жұмысқа орналасты. Бағдарламаның екінші бағыты - микрокредит немесе гранттар. Бұл гранттарды алу үшін азаматтарды “Бастау” бизнес бағдарламасы бойынша оқытудамыз. Биыл 30 мың адамды оқыту жоспарланса, оның 23 мыңы оқуды бітірді. Оның 18 мыңы өзінің бизнес жоспарларын қорғап шықты. 7 000-ға жуық оқу бітірген студент микрокредит алды. Қосымша 6200 тұрақты жұмыс орны ашылды. 17 200 грант берілді, - деді Серік Шапкенов.

Өзгелердің жаңалығы