Жұмыртқа қымбаттап жатыр. Сауда министрі себебін түсіндірді

31 Қаңтар 2024, 11:29
1086
Бөлісу:
Жұмыртқа қымбаттап жатыр. Сауда министрі себебін түсіндірді
Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Елде жұмыртқа қымбаттап жатыр. Сауда министрі Арман Шаққалиев себебін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Маусымдық өсім бар. Бізде 5 млрд 100 млн-ға жуық жұмыртқа өндіретін 34 зауыт бар. Еліміз 5 миллиардқа жуық жұмыртқа жейді. Сол себепті зауыттың қосымша экспорт жасауына мүмкіндігі бар, - деді Арман Шаққалиев Мәжілістің кулуарында.

Шаққалиев жұмыртқаның не себепті қымбаттап жатқанын түсіндірді.

Әр өнімнің өзіндік салмағы бар. Маусымдық динамикаға үйрену керек, жазда арзандап, қыста қымбаттайды. Дүрбелең тудырудың қажеті жоқ, - деп айтты ведомство басшысы.

Өзгелердің жаңалығы