Жұманғарин көп жағдайда «үйдің жанындағы дүкендер» тауарлардың бағасын өсіретінін айтты 

18 Қаңтар 2022, 10:21
1115
Бөлісу:
Жұманғарин көп жағдайда «үйдің жанындағы дүкендер» тауарлардың бағасын өсіретінін айтты 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин Үкімет отырысында айтты.


Бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттер және үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері - тауық жұмыртқасын өндірушілерге қатысты 6 тергеу, тауық еті бойынша 1 тергеу, жалпы 8 тергеу жүргізілуде.Тұтыну тауарлары мен қызметтерінің бағасын көтеру фактілерін жедел анықтау және жолын кесу мақсатында хабарламалар қабылдау үшін жедел желі құрылды, - деді Жұманғарин.

Ол атағандай, бүгінгі таңда Агенттіктің сенім телефонына 2000-нан астам өтініш келіп түсті, оның ішінде қоңыраулардың 50% - ы Алматы қаласының тұрғындарынан, 30%-ы елордамыздан, 20% - ы басқа өңірлерден  келіп түсті.

Бұл ретте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның асып кету фактілері бойынша 70% сұрақ қатысты болды. Көп жағдайда тауарлардың бағасын бөлшек сауда субъектілері көтереді, атап айтқанда «үйдің жанындағы дүкендер», осы дүкендер көбіне      15 %-дық сауда үстемесін сақтамайды. Нәтижесінде, монополияға қарсы орган, келіп түскен шағымдар бойынша өз құзыреті шеңберінде шаралар қабылдайды. Үйдің жанындағы бөлшек сауда дүкендеріндегі бағаның өсуі жөніндегі шағымдар жергілікті атқарушы органдарға жолданады. Басқа шағымдар құзыреті бойынша уәкілетті органдарға жолданады, - деді ол.

Жұманғариннің айтуынша, «Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР Заңының 9-бабының 1-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар тарапынан саудаға бақылау-қадағалау функцияларын күшейту қажет.

Өзгелердің жаңалығы