Жұмағұловтың UFC-дегі келесі қарсыласы белгілі болды

17 Қазан 2020, 12:13
1334
Бөлісу:
Жұмағұловтың UFC-дегі келесі қарсыласы белгілі болды

Алматы, BAQ.KZ. Жекпе-жек өнерінің майталманы Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі келесі кездесуінің уақыты мен қарсыласы кім екенін білді.

Жұмағұловтың келесі жекпе-жегі жайлы оның қарсыласы Instagram-да мәлімдеді.

Кездесу 28 қараша күні Лас-Вегас қаласында өтеді. Отандасымыздың қарсыласы швециялық Амир Албази. 

Айта кетсек, ол екеуі де шілде айында UFC-де өнер көрсеткен. Жұмағұлов төрешілердің даулы шешімімен жеңілсе, Албази жеңіске жеткен.

Өзгелердің жаңалығы