Жұлдыз жорамал белгілері бойынша сотталушылардың қылмысқа бейімділігі анықталды

13 Қазан 2020, 06:39
2070
Бөлісу:
Жұлдыз жорамал белгілері бойынша сотталушылардың қылмысқа бейімділігі анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облыстық қылмыстық-атқару жүйесі комитеті департаментінің қызметкерлері ерекше зерттеу жүргізді. Олар жұлдыз жорамал белгілері бойынша сотталушылардың қылмысқа бейімділігін анықтады, деп хабарлайды Аtameken Business.

Төрт мыңға жуық жазасын өтеп жатқандардың жеке ісін талдап, балық белгісінде туғандар қылмысқа бейім деген нәтижеге келді.

Ал екінші орында бикештер болса, зерттеудің үштігін тоқтылар толықтырды.

Аталған тәжірибе Қазақстанда алғаш рет жүргізілуде.

Алайда, бұл зерттеуді мамандар күнделікті өмірде қолдануға кеңес бермейді. Себебі қылмыстық әрекет жасауға ықпал ететін өмір салты, әлеуметтік деңгей, қаржылық жағдай сынды басқа да жағдайлар жетерлік.


Өзгелердің жаңалығы