Жүктілік және декреттік демалыс үшін төлемдерді қалай есептеу керек

8 Қараша 2023, 07:01
5526
Бөлісу:
Жүктілік және декреттік демалыс үшін төлемдерді қалай есептеу керек
Фото: Артём Чурсинов - архив

Жүктілік – бұл әйел өмірінің ең маңызды кезеңдерінің бірі. Өзің туралы ғана емес, өзіңнің келешек балаң туралы ойланатын уақыт, де хабарлайды BAQ.KZ.

Материалдық әл-ауқат туралы сұрақтар туындайды: осындай ерекше жағдайда мемлекет қандай көмек көрсетеді? Мемлекет қандай төлемдерді жүргізеді? Жүктілік пен баланы күтіп-бағуға арналған демалыс жұмыстан қандай мерзімге беріледі?

Еңбек кодексінің 99 бабына сәйкес, жүкті әйелдерге, бала (балаларды) туған әйелдерге, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған асырап алған әйелдерге (еркектерге) баланың туылуына байланысты мынадай демалыстар беріледі:

  1. жүктілікке және босануға байланысты демалыс.
  2. жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлерге демалыс.
  3. бала 3 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс

Кодекстің 99 бабына сәйкес, жүктілікке және босануға байланысты демалыс ұзақтығы 126 күнтізбелік күнді құрайды (босануға дейін күнтізбелік 70 күнге және босанғаннан кейін күнтізбелік 56). Қиын босанған немесе екі немесе одан көп бала туған жағдайда – 70 күнді демалыс беріледі. Демалыстарды есептеу жиынтықтап жүргізіледі және демалыс әйелге босанғанға дейін нақты пайдаланған күндерінің санына және жұмыс берушідегі жұмысының ұзақтығына қарамастан, толық беріледі.

Жүктілікке және босануға байланысты демалыстан басқа, қалауынша бала 3 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін. Кодекстің 99 бабына сәйкес, осындай демалысты баланың анасы немесе әкесі ала алады, ал бала ата-ананың қамқорлығынсыз қалған болса, жақын туысына, яғни баланы іс жүзінде тәрбиелейтін адамға беріледі.

Бала туылған кезде қандай жеңілдіктер алуға болады?

Жұмыс істемейтін әйелдер үшін

  1. Баланың тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы
  2. Баланың 1,5 жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша әлеуметік жәрдемақы

Жұмыс істейтін әйелдер үшін

  1. Баланың тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы
  2. 1,5 жасқа толған кезде бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы;
  3. Жүктілік және босануы бойынша табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем
  4. бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда ай сайынғы төлем.

Баланың туылуына төленетін біржолғы төлемнің мөлшері

Қазақстанда бұл мемлекеттік жәрдемақы мөлшері басқалар сияқты айлық есептік көрсеткішпен есептеледі (АЕК, 2023 ж. – 3450 теңге)

Бала тууына арналған жәрдемақы мөлшерін қалай есептеуге болады.

Баланың тууына арналған жәрдемақының мөлшері бекітілген, бірінші, екінші және үшінші балаға - 38 АЕК (131 100 теңге);

– төртінші және одан көп балаға - 63 АЕК (217 350 теңге).

Баланың 1,5 жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін қалай есептеуге болады.

Жұмыс істемейтін әйелдер мен ер адамдарға төленетін баланың 1,5 жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы мөлшері бекітілген және:

  • бірінші балаға – 5,76 АЕК (әр ай сайын);
  • екінші балаға – 6,81 АЕК (әр ай сайын);
  • үшінші балаға – 7,85 АЕК (әр ай сайын);
  • төрінші және одан көп балаға – 8,90 АЕК (әр ай сайын).

Жүктілігі және босануы бойынша табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемді қалай есептеуге болады?

Осы әлеуметтік төлем тек жұмыс істейтін әйелдерге есептелген және бір рет төленеді. Орташа айлық табыс мөлшері әлеуметтік аударымдар бойынша нақты жұмыс істеген мерзіміне қарамастан әлеуметтік қатер туындаған күнге дейін соңғы 12 ай ішіндегі әлеуметтік аударымдар бойынша анықталады. Әлеуметтік төлем мөлшерін білу үшін соңғы жылдағы орташа айлық табыс мөлшерін жұмысқа қабілетсіздік күндер санының тиісті коэффициентіне көбейтіп, 10% міндетті зейнетақы жарналарын шегеру керек.

Әлеуметтік аударымдар төленген орташа айлық табыс мөлшері әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу кезінде орташа айлық табыс мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыс сомасын он екіге бөлу арқылы айқындалады. Еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициенті еңбекке уақытша жарамсыздық парағы берілген күндер санын күнтізбелік 30 күнге бөлу арқылы айқындалады.

Мысалы, уақытша еңбекке жарамсыздық парағы 126 күнтізбелік күнге берілсе, онда коэффициент 126/30=4,2 тең болады.

Мысалы, бір жыл ішінде Сіз міндетті зейнетақы жарнасын (МЗЖ) шегергенде 1 944 000 теңге табыс алдыңыз:

1 944 000 теңге / 12 = 162 000 теңге,

162 000 теңге * 4,2 = 680 400 теңге;

68 080 теңге сомадағы әлеуметтік төлемнен 10% МЗЖ ұсталады және Сіздің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) шотыңызға аударылады. Сіздің банктік шотыңызға 612 360 теңге аударылатын болады.

Әлеуметтік аударым табыстан МЗЖ ұсталып, 3,5% мөлшерлесімен төленеді. Орташа айлық табыс мөлшері соңғы 12 айда түскен әлеуметтік аударымдар негізінде есептеледі. Сондықтан, егер сіз, мысалы, 12 есептік айдан 8 ай жұмыс істесеңіз, онда 8 ай ішіндегі жалпы сома жылдағы 12 айға бөлінетін болады.

Ай сайынғы табысы 7 ЕТЖ-дан асатын әйелдер үшін

Егер Заңның 15-бабының 5-тармағына сәйкес 7 ЕТЖ = 7 * 60 000 теңге әлеуметтік аударым есептеу объектісі ай сайынғы ең жоғарғы мөлшерінен асатын ай сайынғы табыс 700 000 теңгені құрайтын болса, онда әлеуметтік төлем мөлшерін анықтау үшін ай сайынғы табыс мөлшері 420 000 теңге деңгейінде ескеріледі.

Осылайша, көрсетілген табыстан Қорға ай сайын 12 ай бойы әлеуметтік аударым түссе, онда әлеуметтік төлем:

420 000 теңге * 4,2 = 1 764 000 теңге.

Әлеуметтік төлемнен 176 400 теңге сомасынан 10% МЗЖ ұсталады және БЖЗҚ аударылады.

Сіздің банктiк шотыңызға 1 764 000 теңге аударылады.

1 764 000 / 10% зейнетақы жарналары (176 400 теңге) = 1 587 600 теңге.
Сөйтіп, қолыңызға таза 1 587 600 теңге түседі.

Төлемдер мөлшерін есептеу үшін соңғы 2 жыл ішіндегі жалпы табысты (әлеуметтік аударымдармен расталады) 24 айға бөлу қажет, содан кейін 0,4 көбейту және 10% міндетті зейнетақы жарнасын алу қажет.

Жалпы табысты санаймыз:

12*150 000+12*200 000=1 800 000 + 2 400 000= 4 200 000 теңге

Алынған соманы 24 айға бөлеміз: 4 200 000/24= 175 000 теңге

175 000 теңге – табыстың орташа айлық мөлшері.

Баланың 1,5 жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша жәрдемақы мөлшерін есептеу үшін осы көрсеткішті 0,4 коэффициентіне көбейтіп, 10% зейнетақы жарналарын шегеру керек, яғни:

175 000*0,4 = 70 000 теңге, 10% шегергенде босанған әйел ай сайын 63 000 теңге алады.

Айта кетейік, 2023 жылы бала күтімі бойынша ай сайынғы төлемнің ең жоғары мөлшері 196 000 теңге. Бұл ең төменгі жалақының 40% (70 000 теңге) x7. Алынған сомадан зейнетақы жарналары ұсталады. Осылайша, 18 ай ішінде жас ананың есепшотына 186 мың теңге түседі.

Жүктілік және босану бойынша жәрдемақы алуға қашан өтініш беру керек?

Әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін құжаттарды:

  • жүктілікке және босануына байланысты жәрдемақыларды тағайындауға құжаттарды уақытша жұмысқа қабілетсіздігі парағы берілген күннен бастап 12 айдан асырмай беру қажет;
  • 1 жасқа дейін бала күтімі бойынша баланың туу туралы куәлігінде көрсетілген туған күннен бастап 12 айдан асырмай беру қажет.

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын қалай алуға болады

Жүктілік пен босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын медицина қызметкері (акушер-гинеколог дәрігер), ал ол болмаған жағдайда – ДКК қорытындысынан кейін бөлімше меңгерушісімен бірлесіп, дәрігер - жүктіліктің 30 аптасынан, ал ядролық сынақ әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдерге жүктіліктің 27 аптасынан бастап беріледі.

Асқынған босану, екі және одан да көп бала туған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы босандыратын денсаулық сақтау ұйымының шығару қағазына сәйкес бақылаған жері бойынша әйелдер консультациясында (кабинетінде) қосымша күнтізбелік 14 күнге ұзартылады.

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын алу үшін қандай құжаттар қажет. Жалпы жағдайда жеке басын куәландыратын құжат жеткілікті.

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы Сізге:

  • жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы немесе балаларды асырап алуына байланысты демалысты (декреттік демалысты) беру үшін;
  • жүктілікке және босануға, баланы немесе балаларды асырап алуына байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемді Қордан алу үшін қажет болады.

Жүктілік және босану бойынша әлеуметтік төлемдерді алу үшін құжаттар Халыққа қызмет көрсету орталығына немесе egov.kz сайтында онлайн тапсырылуы тиіс. Жәрдемақы тағайындау/төлем немесе бас тарту туралы жауап 8 жұмыс күні ішінде келеді.

Баланың бір жасқа толуына дейін оның күтімі бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау үшін қажетті құжаттар:

  1. Өтініш.
  2. жеке басын куәландыратын құжат.
  3. Баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме.
  4. банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі туралы құжат.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар қосымша қамтамасыз етеді:
1.жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы құжат;
2.салық төлеушінің жеке шотынан үзінді көшірме.
Бала 1,5 жасқа толған кезде оның күтімі үшін төлем тағайындау үшін келесі құжаттар қажет:
1. мәлімдеме;
2.жеке басын куәландыратын құжат;
3. баланың (балалардың) туу туралы куәлігі немесе туу туралы куәліктен үзінді көшірме;
4. банк шотының нөмірі туралы мәліметтер.

Өзгелердің жаңалығы