Жүкті болып қалған оқушы оқиғасы: Министр сөгіс алған мұғалім мен директор жайлы айтты

5 Желтоқсан 2023, 18:51
14241
Бөлісу:
Жүкті болып қалған оқушы оқиғасы: Министр сөгіс алған мұғалім мен директор жайлы айтты
Фото: Оқу ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Павлодар облысында жүкті болып қалған қыз оқитын мектептің мұғалімі мен директорына қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұған дейін Павлодар облысында зорлық-зомбылықтан зардап шеккен оқушы жүкті болып қалғаны жайлы жазған болатынбыз.

Бүгін маған ақпарат келіп түсті. Павлодар облысының Шарбақты ауданында отбасындаға болған оқиғаға байланысты (жүкті болып қалған мектеп оқушысы – ред.) мектеп басшысы мен мұғалімге сөгіс жарияланыпты. Бір нәрсені түсіну керек. Барлық мәселеде ұстаздар мен директорларды түгел жазалай берудің орны, реті болады, заң шеңбері болады, - деді министр.

Бейсембаев кез келген мәселеде мұғалім мен мектеп басшылығына сөгіс беру немесе оларға белгілі бір шара қолдануда ойлану қажет екенін айтты.

Өйткені отбасында болған немесе мектептен тыс жерде болған оқиғаларға ата-ананың және басқа да қатысты адамдардың жауапкершілігі қарастырылуы керек. Мұғалім мен директордың кінәсі толыққанды анықталмай, онда шараларға бара беру ұстаздарымыздың еңбегін бағаламау болып есептеледі, - деп айтты бас ұстаз.

Оқу-ағарту министрі мұғалімдер мен мектеп басшылығына жаза қолдануда мұқият болуды тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы