Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Құрылтай депутаттарын сайлау жөніндегі Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төртінші отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Комиссия Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының партиялық тізімін тіркеді. Тізімге құжаттары заңнама талаптарына сәйкес келген 33 кандидат енгізілді.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының партиялық тізімінде 33 адам бар. Оның 14-і – әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар. Олардың жалпы үлесі 30 пайыздан асады. Белгіленген квота сақталды. Орталық сайлау комиссиясы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп кандидаттарды тексерді. Тексеру қорытындысы бойынша партиялық тізімге енгізілген барлық азамат Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келеді деп танылды, – деді ОСК мүшесі Михаил Бортник.
Сондай-ақ Михаил Бортник комиссияның мемлекеттік органдармен бірлесіп кандидаттардың Конституция мен Конституциялық заң талаптарына сәйкестігін тексергенін атап өтті.
Партиялық тізімге енгізілген барлық азамат Қазақстан Республикасы Конституциясының және Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келеді, – деді ол.
Партия 2023 жылғы Мәжіліс сайлауында сайлаушылар дауысының 5 пайызынан астамын жинағандықтан, сайлау жарнасын төлеуден босатылды. Кандидаттарға тиісті куәліктер табысталды.
Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауына қатысатын Respublica партиясының партиялық тізімін тіркеген еді.