ЖРВИ: Қыркүйектен бері қанша адам вирус жұқтырды?

6 Қазан 2021, 17:10
35441
Бөлісу:
ЖРВИ: Қыркүйектен бері қанша адам вирус жұқтырды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәжілісі барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. 

Оның айтуынша, елімізде 1 қыркүйектен бастап ЖРВИ жұқтырған 850 жағдай тіркелген.

Ал тұмаумен ауырған науқастар анықталмаған көрінеді. Сонымен қатар тұмау және ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық маусымның басталуына байланысты денсаулық сақтау министрлігі сырқаттанушылыққа, халықты вакцинациялауға мониторинг жүргізіліп жатқанын алға тартты.

Жалпы бүгінгі күні тұмауға қарсы 694 710 адам егілді. Оның ішінде 684 051 – тегін, 9 370 – жұмыс берушілер есебінен және 1 289-ақылы негізде. Халықты екпемен қамтудың ең көп пайызы 9,8%-бен Түркістан, 4,3%-бен Павлодар, 3,9%-бен Қарағандыда және 3,4%-бен Шымкент қаласында байқалады, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.
Сонымен қатар ведомство басшысы халықты алдын алу шараларын сақтауға: вакцинацияны уақтылы алуға шақырды.

Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздің үш өңірінде індет жұқтыру бірден төмендегені туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы