ЖРВИ-дің әр екінші жағдайы «Омикрон» ба?

20 Ақпан 2022, 11:51
1394
Бөлісу:
ЖРВИ-дің әр екінші жағдайы «Омикрон» ба?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ЖРВИ жұқтырудың әр екінші жағдайы шын мәнінде «Омикрон» штамы деген болжам бар. Бұл туралы ВВС хабарлады. 

Пандемия басталған 2020 жылы көктемде Спектор атты профессор әріптестерімен бірігіп  ZOE Symptom Study деген атаумен әлемдегі ең ірі ғылыми зерттеу жүргізетін мобильді қосымшаны іске қосқан. 

Оның көмегімен екі жылға жуық уақыттан бері 4 млн британиялықтар күн сайын қандай да бір ауру сезімін бастан кешірсе, хабардар етіп отырады. Маусымдық тұмаудың барлық жаңа жағдайларының жартысын коронавирустың «Омикрон» штамы тудырған. Лондон университетіне қарасты колледждің профессоры Тим Спектор осындай болжам жасады. Ғалымның пікірін әріптестерінің басым көпшілігі қолдап отыр. 

Олар жүргізген бақылау жұмыстарына сәйкес, толықтай вакцинациядан өткен адамдарда «Омикрон» өлімге әкелетін уханьдық инфекцияға қарағанда әдеттегі тұмауға ұқсас симптомдар тудырады.

Бүгінгі таңда толықтай иммундаудан өткен ересектерде «Омикрон» жұқтырған жағдайда жөтел, мұрын бітелу, шаршағықтық және ұйқының келуі, тамақтың ауырсынуы, бас пен бұлшықеттің ауруы, дене қызуының көтерілуі, түшкіру, иіс пен дәм сезу қабілетінің төмендеуі, тәбеттің жойылуы, тыныс алудың ауырлауы, іш аймағындағы ауырсынулар байқалған. 

Өзгелердің жаңалығы