Жоспардағы 5 бағыт халықтың әл-ауқатын арттырады – Үкімет басшысы

6 Қыркүйек 2022, 10:18
911
Бөлісу:
Жоспардағы 5 бағыт халықтың әл-ауқатын арттырады – Үкімет басшысы

Премьер-министр Әлихан Смайылов Жолдаудағы маңызды міндеттерді атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жолдауды іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасында Мемлекет басшысы айқындаған міндеттердің барлығы қамтылған. Жоспарда бағаны реттеу, салықтық және кедендік әкімшілендіру, бюджет процестерін жеңілдету, кәсіпкерлікті қолдау, автомобиль жолдарын салу, заң үстемдігі мен сот төрелігін қамтамасыз ету, қоғамдық қауіпсіздікті күшейту сияқты халық пен бизнес үшін өзекті проблемаларды шешу көзделген, -дейді Смайылов Үкімет отырысында.

Премьердің айтуынша, жоспардың маңызды бөлігі – әлеуметтік даму, денсаулық сақтау және білім беру бойынша кешенді әрі жүйелі шараларды қамтамасыз ету.

Жалпы, жоспарды 5 негізгі бағыт бойынша іске асыру экономиканы сапалы дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді. Барлық мемлекеттік органдар мен әкімдіктер оны орындауға шұғыл кірісуі қажет. Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары да . Жоспардағы іс-шаралардың сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз етуі тиіс, -деді Әлихан Смайылов.

Өзгелердің жаңалығы