Жошы хан, Әулие тау. Ұлытау өңірінің туризмін қалай дамытамыз

19 Қыркүйек 2024, 15:01
1151
Бөлісу:
Жошы хан, Әулие тау. Ұлытау өңірінің туризмін қалай дамытамыз
PHOTO
Фото: автордан

Еліміздің туристік әлеуеті жоғары. Қазақстанның әр өңірі мәдени-тарихи орындар мен ескерткіштерге бай. Яғни елімізде туризмнің барлық түрін дамытуға мүмкіндік жетерлік.

Өткен аптада «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігі Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне ақпараттық тур ұйымдастырды. Іс-шараға қатысқан BAQ.KZ тілшісі өңірдің туристік әлеуетімен танысуға мүмкіндік алды.

Жошы хан, Әулие тау. Ұлытау өңірінің туризмін қалай дамытамыз

Ақпараттық тур Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (ОШЖДК) мен БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) «Тұран жолбарысын реинтродукциялау және Ұлытау тау жотасының табиғи және тарихи-мәдени нысандарын қорғауға көмектесу» жобасы аясында өтті.

Турдың мақсаты – жоба барысында қол жеткізілген аралық нәтижелерді көрсету және Ұлытау аймағында туристік саланы дамытуға ықпал ету. Тур өңірдің тарихи және табиғи әлеуетіне назар аударуға, тұрақты туристік инфрақұрылым құруға және келушілер үшін аймақтың тартымдылығын арттыруға бағытталған.

Жошы хан, Әулие тау. Ұлытау өңірінің туризмін қалай дамытамыз

Сапар барысында қатысушылар Түркі өркениетінің бесігі саналатын Ұлытаудың бірегей табиғи нысандарына саяхат жасады.

Қонақтар Жошы хан тарихи-мәдени кешенінен бастап, Алаша хан мен Мақат мазары, Кейкі батыр мемориалы мен үңгірі мен шамамен XIV ғасырда Әмір Темірдің бұйрығымен орнатылған Темірланның ескерткіш тасының көшірмесі бар Алтын шоқы шыңы сияқты әйгілі туристік орындарға барды.

Жошы хан, Әулие тау. Ұлытау өңірінің туризмін қалай дамытамыз

Сонымен қатар қонақтар қасиетті саналған Әулиетау тауына көтеріліп, тарихи маңызы зор Хан Ордалысына ат басын тіреді. Дәл осы жерде жаңа хандарды ақ киізге көтеру дәстүрі орындалған.

Жошы хан, Әулие тау. Ұлытау өңірінің туризмін қалай дамытамыз

Ұйымдастырушылар 2022 жылдан бері БҰҰДБ және ОШЖДК-мен бірлесіп, экологиялық туризмді дамыту бойынша жұмыс істеп жатыр. Осы уақыт ішінде маркетингтік талдау, жаңа туристік бағыттарды жасау және оларды жабдықтау бойынша ұсыныстар дайындалып, ұлттық және халықаралық сарапшыларды тарту арқылы Ұлытау ауданының туризм стратегиясы әзірленді. Сондай-ақ Ұлытау МҰТП-ның туризмді дамыту жоспары дайындалып, ұлттық паркті басқару жоспарын дайындау бойынша кеңестер берілді.

2022 жылы ұлттық парктің қызметкерлеріне біліктілікті арттыру тренингтерін өткіздік. Негізгі мақсат – халықпен жұмыс істеу, олардың әлеуетін дамыту, экотуризм жайлы мағлұмат беру, оларды таныстырып, туризм саласында бизнесті қалай дамыту керегі жөнінде түсіндіру. Осының аясында жергілікті азаматтармен, аудан әкімдігімен бірлесе жұмыс істедік. Міне осы ақпараттық тур аясында сол жұмыстардың нәтижесін көріп отырмыз. Мысалы, тренингтерге қатысқан Ұлытау өңірінің тұрғындары өз үйлерін қонақ үй ретінде ашуға ұсынды. Енді осы кісілерге қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар беріп жатырмыз. Сапар кезінде Ұлытаудағы Баймағамбетовтер әулетінің алғашқы қонақтары болдық, - дейді жоба үйлестірушісі Мадина Қинаятова.

Баймағамбетовтер Ұлытау ауылында қонақ үй ашқан. Кең әрі жайлы үй келесі маусымда алғашқы қонақтарын қабылдауға дайын. Үй иелері БҰҰДБ мен QazaqGeography бірлесе ұйымдастырған тренингтерден өткен.

Жошы хан, Әулие тау. Ұлытау өңірінің туризмін қалай дамытамыз

Сонымен қатар жобаға ауылда жұмыс істемей отырған аналар, азаматтар жұмылдырылған. Мысалы, өңірде қой шаруашылығы дамыған болса, қой жүнін өңдеп, қолөнер бұйымдарын жасап, сүт өнімдерін өндіріп, осы арқылы туристік әлеуеттік дамытып, бизнес жасап, қалай пайда табуға болатыны түсіндірілген.

Бұл дегеніміз жергілікті халықпен белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, тұрғындарға туристік бизнесті дамыту бойынша тренингтер өткізіліп, қонақ үйлер салу, кәдесый дүкендері мен ұлттық нақыштағы бұйымдар шығаратын шеберханалар ашу сынды бастамаларға қолдау көрсетіліп жатыр.

Қоғамдық бірлестік алдағы уақытта да осындай тренингтер өткізуді жоспарлап отыр. Оған жергілікті тұрғындар тегін қатыса алады.

Жошы хан, Әулие тау. Ұлытау өңірінің туризмін қалай дамытамыз

Қазір «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігі Ұлытау ауданының туризмін дамыту стратегиясын құрып жатыр. Ол бірнеше жыл бойы іске асырылады.

Ұлытау табиғи мұрасын зерттеуге арналған құрал-жабдықтар сатып алынып, МҰТП қызметкерлеріне арналған оқыту тренингтері ұйымдастырылды. Жоба аясында ұлттық паркте шлагбаум мен кіреберіс топ орнатылды.

Жошы хан, Әулие тау. Ұлытау өңірінің туризмін қалай дамытамыз

Туризмді дамыту жобасы өз жұмысын жалғастырады. Болашақта туристік соқпақтарды орындықтармен және саяжайлармен жабдықтау, ақпараттық стенд орнату, оқыту тренингтерін өткізу және басқа да шараларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Ақпараттық тур кезінде Астана мен Алматыдан келген топқа өңірді таныстыру жұмысын Сағадат Мұхамбетов атқарды.

Жошы хан, Әулие тау. Ұлытау өңірінің туризмін қалай дамытамыз

Ұлытау өңіріндегі туризм сарапшысы және гид Сағадат Мұхамбетов 2016 жылдан бері туристік қызмет көрсетіп келеді. Оның негізгі қызметі – қонақтарды күтіп алып, қонақ үйге орналастыру, тамақтандыру.

Қазіргі таңда Ұлытаудың туристік әлеуеті өте жоғары. Өйткені елімізде тарихи нысандар ең көп орналасқан аудандардың бірі - осы Ұлытау ауданы. Ауданымыздың өзінде 1 500-ға жуық тарихи ескерткіш бар. Бұл қазірге белгілі болғаны ғана. Алайда жыл сайын оның саны көбейіп келеді. Мысалы, Ұлытаудың ғана емес, жалпы Қазақстанның визит карточкасы болатын Жошы хан мазары бар. Егер Жошы ханның мазарын жақсылап жарнамалап, халыққа таныта алсақ, онда бір Жошының атымен біраз жұмыс істеуге болар еді... Мысалы, Моңғолияны алып қарасақ, қазір Шыңғыс ханның атымен туризмді қалай дамытып отыр?! – деді сарапшы.

Жошы хан, Әулие тау. Ұлытау өңірінің туризмін қалай дамытамыз

Оның сөзінше, туристердің сұранысындағы үздік жерлердің қатарында Әулиетау, Хан Ордасы, Алтын шоқы, Ақжар борлы тауы, Алаша хан, Жошы хан мазарлары.

Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі директорының орынбасары Азамат Берікұлы парк БҰҰ-ның Даму бағдарламасы мен «QazaqGeography»-мен 2022 жылдан бастап жұмыс атқарып келе жатқанын атап өтті.

Жошы хан, Әулие тау. Ұлытау өңірінің туризмін қалай дамытамыз

Жұмыс басталғанда алдымен парктің материалдық-техникалық базасы қамтамасыз етілді. Яғни парктің жұмысына қажетті құрал-жабдықтар, рация, өрт сөндіру құралдары және басқа да құралдар сатып алынды. 2022 жылы Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі Әулиетауға кірер аймақ абаттандырылды. Мысалы, стелла, электронды шлагбаум, автотұрақ және орындықтар қойылды. Дәл қазір Ұлттық паркте бір туристік соқпақ жұмыс істеп тұр. Бірақ техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес кемінде 4 туристік соқпақ болуы керек. Бұл соқпақтар біртіндеп құрылады. Ең бірінші соқпағымыз – Әулиетау, - деп түсіндірді ол.

Ұлытау ауданындағы туристік жерлер

Жошы хан мазары – Ұлытаудың ең танымал қасиетті ескерткіштерінің бірі, Жезқазған қаласынан шығысқа қарай 50 шақырым жерде орналасқан. 

Жошы хан, Әулие тау. Ұлытау өңірінің туризмін қалай дамытамыз

Қызыл кірпіштен салынған ғимараттың қос күмбезі көгілдір плиткалармен безендірілген. Бұл ескерткіш XIII ғасырға жатады – дәл осы кезеңде – 1227 жылы Жошы хан қайтыс болған. 

Жошы хан, Әулие тау. Ұлытау өңірінің туризмін қалай дамытамыз

Қазіргі таңда Жошы хан мазары «Жошы хан» тарихи-мәдени кешенінің құрамына кіреді, оған сондай-ақ мұражай, Жошы ескерткіші, киіз үй қалашығы мен қонақ үй кіреді.

Алаша хан мазары

Жошы хан, Әулие тау. Ұлытау өңірінің туризмін қалай дамытамыз
Жошы хан, Әулие тау. Ұлытау өңірінің туризмін қалай дамытамыз

Алаша хан мазары Ұлытау аймағындағы тарихи ескерткіштердің қатарында ерекше орын алады. Оның тікбұрышты пішіні, зор көлемі, сәнді өңделуі және биік жерде орналасуы оны басқа қасиетті орындардан ерекшелеп тұрады.

Жошы хан, Әулие тау. Ұлытау өңірінің туризмін қалай дамытамыз

Алаша ханның жеке тұлғасы мен мазарының салыну мерзімі туралы нақты мәліметтер әлі күнге дейін жоқ. Дегенмен, бұл мазар үш жүздің құрылуына себепші болған, қазақ жерлерінің шекарасын кеңейтіп, халқын қол астына біріктіріп, басқарған билеушіге арналған деген пікір бар.

Мақат мазары

XX ғасырдың басында салынған ескерткіш Шеңбер ауылынан солтүстік-батысқа қарай 8 шақырым қашықтықта орналасқан. 

Жошы хан, Әулие тау. Ұлытау өңірінің туризмін қалай дамытамыз

Мазарда Төлек руынан шыққан Мақат есімді беделді, білімді адам жерленген. Уақыт өте келе оның ұрпақтары да осында жерлене бастаған. Олардың денелері жерге көмілмей, ерлер және әйелдер үшін арнайы бөлінген жерасты камераларда сақталған.

Кейкі Мергеннің үңгірі мен мемориалы

Кейкі батырдың үңгірі Кара-Торғай өзенінің жағасында, Ұлытау ауданы Корғасын ауылынан 6 км қашықтықта орналасқан. 

Жошы хан, Әулие тау. Ұлытау өңірінің туризмін қалай дамытамыз

Үңгірден сәл жоғары орнатылған мемориалдың мәліметіне сәйкес, дәл осы жерде шамамен жүз жыл бұрын Кейкі Көкембайұлы, яғни Кейкі батыр жасырынған. Ол 1916-1917 жылдардағы ұлт азаттық қозғалысының жетекшілерінің бірі және аңызға айналған қазақ мергені.

Жошы хан, Әулие тау. Ұлытау өңірінің туризмін қалай дамытамыз

Ұлт-азаттық күресінің көсемі Амангелді Имановтың досы әрі серігі болған Кейкі батырды бәрі «Кол мерген» деп атаған. Бұл атақ оның нысанаға кез келген жағдайда, көздемей-ақ дәл тигізу қабілетіне байланысты берілген. Кейкі батыр 1871 жылы (кейбір деректерде 1873 жылы) Торғай уезінің Байтума ауылында дүниеге келген, қазіргі Қостанай облысы. Ол кұлан кыпшақ руынан шыққан.

Алтын шоқы

Сарлық ауылының маңында, Алтыншоқы төбесінде Әмір Темірдің (Темірлан деп те аталады) Алтын Орда мен Тоқтамыс хандығына жорығын растайтын белгі сақталған. 1391 жылы Мәуеренахр билеушісі үлкен әскермен Ұлытаудың шатқалдарына жеткен. Аңыз бойынша, ол әр жауынгеріне төбенің шыңына тас әкелуді бұйырған, осылайша тас қорған жасалған. Қорғанның қасына қолбасшы белгі ретінде бетінде жазуы бар ескерткіш тас орнатуды тапсырған.

Жошы хан, Әулие тау. Ұлытау өңірінің туризмін қалай дамытамыз

1935 жылы бұл тақташаны ғалым Қаныш Сәтпаев тапқан. Бір жылдан кейін ол Эрмитажға жеткізілді және қазіргі уақытта сол жерде сақтаулы. Ал Алтын шоқы төбесінде оның көшірмесі орнатылған.

Хан Ордасы

Жошы хан, Әулие тау. Ұлытау өңірінің туризмін қалай дамытамыз

Академик Әлкей Марғұланның пікірінше, бұл қамал IX-XIII ғасырларда қорғаныс мақсатында салынған. 

Жошы хан, Әулие тау. Ұлытау өңірінің туризмін қалай дамытамыз

Мұнда халқына адал қызмет етуге ант берген билеушілерді ақ киізге көтеріп хан сайлаған. Балшық пен тастан тұрғызылған қаланың құрамына қамал мен оны қоршап тұрған сазды бекініс кірді.

Ұлытау таулары

Ұлытау таулары қасиетті мәнге ие. Бұл таулардың ұлылығы мұнда өткен ұлттық тарихи оқиғалардың маңыздылығында жатыр, атап айтқанда қазақ руларының басын біріктірумен тығыз байланысты. Ұлытаудың аңызға айналған таулары Қазақстанның географиялық орталығында орналасқан. Осы жерден Сарысу, Қаракеңгір, Сарыкеңгір өзендері бастау алады. Бұл өзендердің жағасында адамдар ежелгі заманнан бері қоныстанған.

Жошы хан, Әулие тау. Ұлытау өңірінің туризмін қалай дамытамыз

Ежелгі грек тарихшысы Геродот Ұлытауды сақ таулары деп атаған. Қаныш Сәтпаев жазбаларындағы аңыздарға сәйкес, Ұлы су тасқынынан кейін су астынан үш жер қыртысы пайда болған. Соның бірі Ұлытау шыңы болған.

Жошы хан, Әулие тау. Ұлытау өңірінің туризмін қалай дамытамыз

Ақмешіт әулие тауы – Ұлытаудың ең биік нүктесі, 1133 метр биіктікте орналасқан. Бұл таудың баурайларында киелі сопылардың ежелгі жерлеу орындары мен сиқырлы күшке ие үңгір бар.

Ақжар таулары

Ұлытаудың кең даласында Ақжар тауларының таңғажайып көркі көз тартады. Қызыл-сары төбелер сазды топырақ пен гипс қоспасының әсерінен пайда болған. Бұл маңда қатты ыстық күн мен ылғалдың жоқтығынан өсімдіктер мен жануарлар өте аз.

Жошы хан, Әулие тау. Ұлытау өңірінің туризмін қалай дамытамыз

Бұған дейін Ақжар тауларынан фоторепортаж жариялаған болатынбыз.

Жошы хан, Әулие тау. Ұлытау өңірінің туризмін қалай дамытамыз
Өзгелердің жаңалығы