ЖОО оқытушыларына қолдау көрсетуіміз керек – депутат

17 Наурыз 2021, 18:41
1721
Бөлісу:
ЖОО оқытушыларына қолдау көрсетуіміз керек – депутат

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов сенаторлардың  ұсынысын түбегейлі қолдап, еліміздегі Жоғары оқу орындарының басшыларына білім ордаларындағы оқытушылардың жалақысын  200 000 тг дейін көтеру керектігі туралы арнайы тапсырма бергендігін мәлімдеді, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев.

Министр мырзаның қазіргі уақыттың қиындығына қарамай, тәуекелге барып, оқытушыларымыздың жалақысын көтеру туралы бастамасына жеке өзімнің және барша сенаторлар атынан алғыс айтамыз. Әрине ЖОО оқытушыларына қолдау көрсетуіміз керек.  Ендігі жерде білім ордалары басшыларының аталған тапсырманы қолға алып, оның жіті орындалуын талап етеміз. Бұл бастаманың тек Білім және ғылым министрлігі қарамағындағы оқу орындары ғана емес еліміздегі басқа да салалық министрліктерге қарасты  ЖОО - дары да  жүзеге асыруы қажет. Олай болмаған жағдайда жоғары білім беру деңгейі мен сапасына кері әсер етіп, білікті мамандардың тұрақсыздығы жағдай орын алуы ықтимал, - деді Сенат депутаты.

Өзгелердің жаңалығы