ЖОО-да жаңа мамандық енгізілуі мүмкін

27 Қазан 2020, 12:16
2399
Бөлісу:
ЖОО-да жаңа мамандық енгізілуі мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында «Оқулық» орталығының директоры Ғани Бейсембаев айтты.

Ғани Бейсембаев аппарат жиналысына қатысқан әріптестеріне бірнеше ұсыныс жасады. 

Ең алдымен, оңтайлы болуы үшін әр мектеп кітапханасы қандай әдебиет алатындығы белгілі болуы үшін және оны кәсіби комиссияның бекіткен тізімін ұсынуды қолға алу, яғни осы тізімді бекіту. Бірінші кезекте қандай әдебиеттер болуы керек екенін мамандар айтқаны дүрыс. Сонымен қатар заманауи әдебиеттердің ішінде фантастикаға да назар аударғымыз келеді. Себебі балалардың қиялын, оның өмірге кұштарлығын арттыру маңызды, - дейді ол. 

Сонымен қатар орталық директоры «Кітапқұмар мектеп» жобасын дайындауды ұсынды. 

Келесі жылы мектеп оқулықтарына бөлінген қаржының тек 20%-ы ғана оқулықтарға кетеді екен. Қалған 80%-ын көркем әдебиеттерді алуға қалдырса және сол қаржыларды көркем әдебиеттерге жұмсауды ұсынамын. Биыл ақша бөлінді және келесі жылы осы қаржыдан кем бөлінбесе екен, - деп ұсыныс айтты Ғани Бейсембаев. 

Ол ЖОО-да «Педагог кітапханашы» деген мамандық енгізуді ұсынды. 

Мемлекет басшысының берген тапсырмаларында қазақ әдебиетіне де баса назар аударылды. Сондықтан қазақ әдебиетін оқыту бағдарламасын қайта қарастырып, оқулықтарды қайта жазып шығуды қарастыру қажет. Сондай-ақ Әдебиет және өнер институтымен ақылдасып «Мектеп кітапханасы» деген үлкен жобаны ұсынғымыз келеді. Бұл мектептің 1-сыныптан бастап 11-сыныпқа дейін оқу бағдарламасына және оқулықтарына кіретін көркем әдебиеттердің тізімін ғана емес, сонымен қатар, сондай шығармаларды шығарып, мектепке ұсыну, - деп Ғани Бейсембаев өз ұсыныстарын жасады.

Өзгелердің жаңалығы