ЖОО-да оқуға грант беру ережесіне өзгеріс енгізілді

27 Қаңтар 2023, 17:06
1558
Бөлісу:
ЖОО-да оқуға грант беру ережесіне өзгеріс енгізілді

Қазақстан Үкіметінің 2023 жылғы 23 қаңтардағы қаулысымен бакалавриат немесе магистратура дәрежесін бере отырып, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын бөлу қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл өзгеріс енді арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің, әскери қызметшілердің, қайтыс болған немесе қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған жарақаты (жарақат, контузия, - ред.) салдарынан мүгедектігі бар деп танылғандардың балаларын (асырап алынған, қамқорлыққа алынған, бірге тұратын өгей ұл мен қыздарды қоса алғанда, - ред.) жоғары білім алуға конкурстан тыс өткізуді көздейді.

Одан басқа, ауыл жастары арасында Қазақстан азаматтары үшін квота белгіленген білім беру бағдарламалары бойынша конкурстың өткізілетіні белгілі болды. Яғни, білім беру бағдарламалары топтары бойынша гранттардың жалпы санының 65%-ы жалпы конкурс тәртібімен, ал қалған 35%-ға гранттар бойынша тек ауыл жастары үшін конкурс өткізіледі.

Бұрын үлестіру 70%-дан 30%-ға дейін еді.

Қаулы 2023 жылғы 6 ақпанда күшіне енеді.

Өзгелердің жаңалығы