"Нұр Жолы" кеден бекетінде кездесу өтті

31 Қазан 2019, 19:40
2732
Бөлісу:
"Нұр Жолы" кеден бекетінде кездесу өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Б.Мұхтаров «Нұр Жолы» кеден бекеті арқылы Қытай Халық Республикасының аумағынан тұтыну тауарларын Қазақстан Республикасы аумағына әкелу бойынша қызмет көрсететін сыртқы экономикалық қызметке (СЭҚ) қатысушылармен кездесті.

Б.Мұхтаров өз сөзінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың назарын Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнаманы сақтау қажеттігіне аударды. 

ТНСЭҚ 8701, 8704, 8705 кодтарына сәйкес келетін көлік құралдарын әкелуге қатысты мәселелерге ерекше назар аударылды (Мемлекеттік кірістер комитеті мен Техникалық реттеу және метрология комитетімен бірлесе көрсетілетін өнімдер). Сондай-ақ, сәйкестігі міндетті түрде бағаланатын өнімдерді EАЭО кедендік аумағына әкелу тәртібі туралы талаптар түсіндірілді.

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар бір ғана сыртқы сауда келісімінде қарастырылған және тек декларанттың пайдалануы үшін пайдаланылатын және бір данамен әкелінетін тауарларға қатысты сұрақтар қойды.

Бахижан Мұхтаров өнімдердің (тауарлардың) міндетті талаптарға, сәйкестік сертификаттарына немесе ЕАЭО сәйкестік декларацияларына сәйкестігін растайтын құжаттардың нақты түсіндірмелерін берді.

Өзгелердің жаңалығы