Жолдауда әлеуметтік саясатты күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды

Жолдауда әлеуметтік саясатты күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды
1118

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Тұңғыш Президенті Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының (ӘЭСИ) сарапшысы Айман Жүсіпова Мемлекет басшысының күні кеше халыққа арнаған Жолдауына қатысты осылай деді.

Президенттің 2020 жылғы Жолдауында әлеуметтік саясатты күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бірінші кезекте халық үшін ең өткір және өзекті проблемалардың бірі - тұрғын үй саясаты туралы сөз болды. Қазақстандықтардың тұрғын үймен қамтылуы 1 адамға 21,6 шаршы метрді құрайды, бұл ТМД-ның бірқатар еліне қарағанда төмен және Шығыс Еуропа елдеріне қарағанда әлдеқайда төмен. Бұл проблеманы шешу тетіктері қатарында халықтың өз зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануы есебінен тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі бар. 2021 жылы БЖЗҚ-ның 700 мың салымшысы бұл мүмкіндікті баспана сатып алуға, емделуге немесе қаржы компанияларын басқаруға беру үшін пайдалана алады, - деді ол.
Сарапшы биыл іске қосылған "5-10-25" бағдарламасын жүзеге асыруға 390 миллиард теңгенің бөлінгені Жолдаудағы тағы бір маңызды тетік екенін айтты. Сонымен қатар, тұрғын үй мәселесін шешу үшін тұрғын үй құрылысына ғана емес, сонымен қатар жалдау ақысын субсидиялауға да қаражат бөлу туралы шешім қабылданғаны маңызды шешім екенін жеткізді.
Президент табысы төмен азаматтар үшін, әсіресе, көпбалалы отбасылар үшін экономикалық көмек бола алатын жеке тұрғын үй құрылысы бөлігінде "Нұрлы жер" бағдарламасын іске асыруды жеделдетуді тапсырды. Халық үшін зор қиындық тудыратын сала 17 заңмен және ондаған заң актісімен реттелетін әлеуметтік қамсыздандыру саласы. Бұл мемлекет жауапкершілігінің бұлдырлығына, азаматтардың өз құқықтарын түсінбеуіне, тұтастай алғанда процесті реттеудің күрделілігі мен бытыраңқылығына алып келді. Бұл тұрғыда Президенттің елдің әлеуметтік кодексін әзірлеуге кірісу маңызды болып отыр. Аталмыш жұмыстар шеңберінде азаматтың цифрлық "әлеуметтік әмиян" деп аталатын, тиісті тауар өткізу жүйесі енгізілетін әлеуметтік төлемдерді цифрландыру бойынша шаралар қабылданатын болады, - деді ол.
Айман Жүсіпова Президенттің тағы бір маңызды ұсынысы – әлеуметтенуге, жастардың бос уақытын сапалы қамтамасыз етуге баса назар аудару болғанын атап өтті.
Неліктен жас ұрпақты әлеуметтендіру мәселесі соншалықты маңызды? Біріншіден, өскелең ұрпақтың мәдени бос уақытын, оның белсенді түрлерін қалыптастыру-ересектердің тікелей жауапкершілігі. Шын мәнінде, бұл біздің адами капиталымыз. Екіншіден, дәл осындай демалыс мекемелерінде балалар мен жастар болашақта өз бетінше дамып, кәсіби салада жүзеге асырылатын дағдыларды игере алады, - деді сарапшы.


Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ашық дереккөз
Өзгелердің жаңалығы