Жолдауда айтылған бастамалар ұлтымыздың мүддесіне толық сай келеді - Смайылов

18 Наурыз 2022, 09:18
1031
Бөлісу:
Жолдауда айтылған бастамалар ұлтымыздың мүддесіне толық сай келеді - Смайылов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді.

Бүгін Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауындағы іс-шаралар талқыланады. Президент ұсынған саяси реформалар мемлекеттің тұрмысты нығайтудың жаңа тарихи кезеңі әрі халықтың үніне құлақ асатын мемлекет ұстанымының айқын көрінісі, -деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов Мемлекет басшының Жолдауы ұлттық мүддеге толықтай сай келетінін айтып өтті.

Қасым-Жомарт Кемелұлы мемлекеттік аппараттың бюрократияға салынбай, осындай күрделі кезеңде жауапкершілік ала отырып, тиісті шешімдерді уақытылы қабылдауға ерекше назар аударды. Мұны Үкімет мүшелері мен әрбір қызметкер басшылыққа алуы тиіс. Жолдауда айтылған бастамалар ұлтымыздың мүддесіне толық сай келеді. Халық Жолдауды ерекше ықыласпен қабылдағанын көріп отырмыз, -деді ҚР Премьер-министрі.  

Өзгелердің жаңалығы