Жолдау Жаңа Қазақстанды құрудың логикалық жалғасы - ҚХА

6 Қыркүйек 2022, 17:54
1865
Бөлісу:
Жолдау Жаңа Қазақстанды құрудың логикалық жалғасы - ҚХА

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті, BAQ.KZ тілшісі.

Отырыс барысында ҚХА Кеңесінің мүшелері Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына  жолдауына қолдау білдіріп, оны жүзеге асыру тетіктерін талқылады.

ҚХА Төрағасының орынбасары Тауфик Кәрімов Қазақстан халқы Ассамблеясының Жаңа Қазақстан құрылысында өзіндік ерекше миссиясы бар екеніне тоқталды.

Біз қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту тиіспіз, олар қашан да табысты реформалардың басты шарты мен әлеуметтік ортасы болады. Бұл туралы Жолдауда Президент «Біз «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып, ұлттық консенсусты, билік пен қоғам арасындағы әріптестікті нығайтамыз, -деді ол.

Кәрімовтің айтуынша, Жолдау бізге халықтың бірлігі, ынтымағы мен біртұтастығы жарасқан экономикалық өлшемнің айқын екенін аңғартады. Сондай-ақ елдегі әлеуметтік әл-ауқаттың, бейбітшілік пен келісімнің материалдық негізін жасайтын экономикалық реформалардың табысты болуы тұрақтылық пен бірлікке байланысты екенін айтты.

Жолдауда саяси реформалардың практикалық материалдық базасы мен әлеуметтік негізі қорытындыланады, деп түйіндеді ол, сондай-ақ ұсынылып отырған экономикалық реформалар пакеті экономикалық дамудың сипатын түбегейлі өзгертіп, оны азаматтарымыздың әлеуетін ашуға бағытталғанын қоса айтып өтті.

Сонымен қатар, Ассамблея мүшелері Жолдаудың саяси жаңғыртудың органикалық жалғасы екенін, ал Мемлекет басшысы ұсынған әлеуметтік қолдау шаралары мен құрылымдық экономикалық реформалар «азамат – бизнес –мемлекет» триадасындағы қарым-қатынастарды терең қайта құрылымдауға әкелетінін айтты.

Баяндамашылар Ассамблея Жолдаудағы міндеттердің тікелей қатысушысы және белсенді жүзеге асырушысы болатынын атап өтті.


ҚХА Кеңесінің барлық мүшелері Қазақстан халқын Отанымыздың гүлденуі жолында Жолдаудың міндеттерін жүзеге асыру үдерісіне қатысуға шақырды.

Қазіргі кезеңде сайлау науқандары барысындағы басты міндетіміз – ұлттық біріктіруші құндылықтарымыз – мемлекеттік тілді, қоғамдық келісім қағидасын, ұлтаралық тұрақтылықты қорғау және нығайту, жаңа экономикалық саясатты қалыптастыру бойынша нақты қадамдар жасау, - деп атап өтті жиынға қатысушылар.

Өзгелердің жаңалығы