Жолдау – әлемдік стандарттарға сәйкес келтіру ісінде берік іргетас болмақ

4 Қыркүйек 2020, 15:00
1561
Бөлісу:
Жолдау – әлемдік стандарттарға сәйкес келтіру ісінде берік іргетас болмақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты, Қарағанды облыстық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Бекзат Алтынбеков Президент Жолдауына қатысты пікір білдірді.

Президент Жолдауында коронавирус пандемиясына байланысты ел қиын кезеңдерді бастан өткеріп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар осы қиын кезеңде адам өмірі үшін жанқиярлықпен күресіп, санитарлық талаптардың сақталуы мен тәртібін қамтамасыз ететін қазақстандық дәрігерлер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне алғысын білдірді. Мемлекеттік басқарудың жаңа моделін қалыптастыру қажеттілігі пісіп-жетілгенін атап өтті. Одан бөлек, Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік, сондай-ақ президенттің жеке өзіне есеп беретін реформалар жөніндегі кеңес кеңес құруды тапсырды. Қоғамды реформалау ісінде нәтиженің процестегі басымдығын есте ұстаған жөн. Мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға түзетулер пакетін енгізу, мемлекеттік аппаратты едәуір қысқарту қажет, - дейді Бекзат Алтынбеков.

Ол жаңа экономикалық жағдайда жеке кәсіпкерлікке жетекші рөл берілуі керек деп отыр.
Адал және ашық бәсекелестік, адами капиталды дамыту, экономиканы көгалдандыру және онда қазақстандық қамтуды ұлғайту үшін барлық жағдай жасау қажет. Шағын және орта бизнесті субсидиялау және әсіресе, ауылда инфрақұрылымды дамыту жалғастырылатын болады. Жұмыспен қамтуды және азаматтардың табысын сақтау-мемлекеттік саясаттың ерекше басымдығы. Президент Салық кодексіне ревизия жүргізу және елдің аумақтық дамуына көзқарастарды қайта құру қажеттігін атап өтті. Ол жақын арада азаматтар БЖЗҚ-да жинақталған қаражатты кезек күттірмейтін қажеттіліктерге, оның ішінде тұрғын үй сатып алуға пайдалана алатынын тағы да қайталап айтты, - дейді Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты.

Ол, сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауға тоқталып, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс жасаған адамдарға жазаны қатаңдатуды ұсынғанын қолдайтынын айтты. 
Білім беру сапасын арттыру қажеттігін де айтты. Дәрігерлердің еңбегін бағалай білуге, қазақстандық ауруханаларды медициналық кадрлармен, қажетті жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге үйрену керек. Қазіргі уақытта әлем табиғи және техногендік апаттар дәуіріне кіретіндіктен, қазіргі заманның барлық сын-қатерлеріне жедел ден қоя отырып, азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік беру үшін Төтенше жағдайлар министрлігін қайта құру қажет. Президенттің жаңа Жолдауы Қазақстандық қоғамды реформалау және оның өмірінің барлық салаларын жалпы әлемдік стандарттарға сәйкес келтіру ісінде берік іргетас болатынына күмән жоқ, - дейді Бекзат Алтынбеков.

Өзгелердің жаңалығы