Жолдау халық көтерген мәселелерді қаузады – облыстық мәслихат депутаттары

1 Қыркүйек 2022, 15:43
887
Бөлісу:
Жолдау халық көтерген мәселелерді қаузады – облыстық мәслихат депутаттары
Фото: автордан

Павлодар облыстық мәслихат депутаттары президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Халық қалаулыларының айтуынша, биылғы Жолдау бұған дейін халық көтерген мәселелерге қатысты нақты шешім қабылдауға сеп болмақ.

Жолдауда халық көтеріп келген мәселелерге басымдық берілді. Олардың барлығы тұрғындармен кездесу барысында айтылған. Қолдау реформаларының ішінде білім беру саласы бар. Студенттерді жатақханамен қамту – маңызды мәселе. Президент проблеманы түбегейлі шешу үшін құрылыс компаниялармен мемлекеттік-жекеменшік серіктесті корнату керек деп айтты. Студенттердің жекелеген, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған санаттары үшін пәтер жалдауға кететін шығынын субсидиялау мүмкіндігін де қарастыруға болатыны сөз болды. Міне, бүгін жаңа оқу жылы басталды. Пәтер іздеп, сандалып жүрген адам қаншама. Ұлттық қордан 18 жасқа дейінгі азаматтарға арнайы есепшотқа қаржы құю нағыз жаңалықтың өзі. Бұл да саналы да сауатты ұрпақ тәрбиелеу жолындағы маңызды шешім, - дейді облыстық мәслихат депутаты Илья Теренченко. 

Жалпы, Павлодар халқы Жолдау жүктеген міндеттерді жақсы қабылдады. Жауапты органдар білек сыбана кірісуге дайындалып жатса, қарапайым халық Президент айтқан тапсырмалар сапалы орындалатынына сенімділік білдірді. 

Өзгелердің жаңалығы