Жолдасов елордада ауаның ластануына не себеп болатынын айтты

16 Қыркүйек 2021, 17:25
6550
Бөлісу:
Жолдасов елордада ауаның ластануына не себеп болатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте елорда бойынша ауа сапасын жақсарту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар айтылды. 

Бұл туралы ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов баяндап берді.

Оның мәліметіне сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2020 жылы атмосфералық ауаға шығарындылардың жалпы көлемі 113 мың тоннаны құрады.

Оның ішінде қазандықтары бар кәсіпорындардың үлесіне 33,5%, автокөлікке – 32,5%, жеке секторға - 29% шығарындылар келеді. Шоғырланудың негізгі артуы жылу беру кезеңіне келеді, - деді Зұлфұхар Жолдасов.
Айтуынша, қала бойынша жол картасында 13 іс-шара қарастырылған, оның алтауы орындалды.
Табиғи газға көшіріліп, ЖЭО-1 мен ЖЭО-2-де 4 қазандық іске қосылды. 2021 жылы қалған 12 қазандық ауыстырылады. Ластанудың тағы бір ірі көзі - жеке секторды көмірмен, яғни пешпен жылыту. Қазір қаланы газдандыру жұмыстары жүргізіліп жатқаны белгілі. Елордада 30 мың жеке үй бар, 5 мың тұрғын үй газбен жылытуға қол жеткізді. Толық газдандыру 2023 жылдың соңына дейін аяқталады, - дейді комитет төрағасы ОКҚ-да.
Алдын ала деректер бойынша шығарындылар 23 мың тоннадан 6 мың тоннаға дейін төмендейді деп күтіліп отыр.
Өзгелердің жаңалығы