Жолдасбек Дуанабай атындағы дәстүрлі бильярд турнирі өтті

4 Наурыз 2023, 21:24
1565
Бөлісу:
Жолдасбек Дуанабай атындағы дәстүрлі бильярд турнирі өтті
PHOTO
Фото: дереккөз

2023 жылғы 4 наурыз күні зиялы қауым мен БАҚ қызметкерлері арасында Жолдасбек Дуанабай атындағы дәстүрлі бильярд турнирі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жолдасбек Дуанабай атындағы дәстүрлі бильярд турнирі өтті

Аталған іс-шараны AIQYN, «Литер» және Turkistan газеттері қазақ басылымдарына елеулі еңбек сіңірген белгілі журналист, Б.Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты, мәдениет қайраткері Жолдасбек Дуанабайдың құрметіне ұйымдастырылды.

Жолдасбек Дуанабай атындағы дәстүрлі бильярд турнирі өтті

Турнирде жалпы саны 50-ден аса адам 55 жасқа дейінгі және кейінгі екі санат бойынша бақ сынады. Әр санатқа үш бағалы жүлдеден тағайындалды. Одан бөлек, белсенді қатысушыларға арнайы сыйлықтар берілді. 

Жолдасбек Дуанабай атындағы дәстүрлі бильярд турнирі өтті

Турнирдің бас төрешісі – ҚР Жоғары ұлттық дәрежедегі төреші Несіп Жүнісбайұлы болды.

Жолдасбек Дуанабай атындағы дәстүрлі бильярд турнирі өтті
Өзгелердің жаңалығы